Аймақтар • 06 Тамыз, 2021

Екпе алып, ел аралауға болады

5780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары түрлі ынталандыру сыйлықтарын ала бастады. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша университеттер білім алушылар мен қызметкерлер арасында вакцинацияны қолдауды ынталандыру шараларын әзірлеп, жүзеге асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Екпе алып, ел аралауға болады

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде вакцинацияланған студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылып, ЖОО-ның 50 білім алушысы 15 мыңтеңге ақшалай сыйлық ұтып алды. Ынталандыру ұтыс ойыны осымен шектелмейді. Тағы 70 студентке осындай сауықтыру көмегі қарастырылған.  

Шарт бойынша студенттер 8 тамыз бен 24 тамыз аралығында covid 19 вакцинасын алып, арнайы  поштаға  #Stop COVID-19 хэштегімен вакцинация процедурасын растайтын SMS хабарламаны жіберу қажет. 70 жеңімпаз 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алып, иммунитетін дәрумендермен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларының жетекшілері Бұқтырма су қоймасының жағалауына немесе студенттермен бірге Абайдағы киелі орындарға саяхаттап бара алады.

Еске салсақ, вакцинацияны материалдық қолдау және марапаттау тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылуда.