TOKYO2020 • 07 Тамыз, 2021

Токио Олимпиадасы: 7 тамызда қазақстандық алты спортшы жарысқа шығады

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 тамызда қазақстандықтар Токио Олимпиадасының бес спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио Олимпиадасы: 7 тамызда қазақстандық алты спортшы жарысқа шығады

Жеңіл атлетика. Марафон. Әйелдер. Финал
03:00. Жанна Мамажанова

Каратэ. Әйелдер, +61 келі. Іріктеу
11:00. Софья Берульцева

Каратэ. Ерлер, +75 келі. Іріктеу
11:00. Данияр Юлдашев

Заманауи бессайыс. Ерлер
11:42. Павел Ильяшенко

Велотрек. Кейрин. Ерлер. Іріктеу
12:48. Сергей Пономарев

Еркін күрес. Ерлер, 65 келі. Жұбаныш жекпе-жегі
15:45. Дәулет Ниязбеков.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаевпен каратэші Дархан Асәділов те қола жүлде еншілеген.