Оқиға • 08 Тамыз, 2021

Жүргізуші куәлігінен айрылған астаналық мас күйінде көлік басқарған

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүргізуші куәлігінен айрылған елорда тұрғыны ішімдік ішіп көлік жүргізіп, салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізуші куәлігінен айрылған астаналық мас күйінде көлік басқарған

Әлеуметтік желіде 777MVD нөмірлі көлік жүргізушінің жол ережесін бұзғаны жарияланған видео таралды. Б ейнежазға қатысты елордалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

«7 тамыз күні сағат 20:10-да Қарқаралы шоссесіндегі бағдаршамда Lada Largus маркалы автокөлік жүргізушісі Lada Xray автокөлігімен соқтығысты. Куәгерлердің айтуынша, Lada Largus көлігінің жүргізушісі жол ережесін дөрекі түрде бұзып, салдары жол-көлік оқиғасына алып келді. Онысымен қоймай жүргізуші өзін дөрекі ұстаған. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жетті. Жүргізушінің құжатын тексеру барысында автомобиль салонынан алкогольдің иісі байқалған. Кейін медициналық сараптама нәтижесі көрсеткендей, жүргізуші мас болған. Оның үстіне айыпты көлік жүргізу құқығынан айрылған болып шықты», делінген хабарламада.

Департаменттің хабарлауынша, Қылмыстық кодексінің 346 бабы 2 тармағына сәйкес, 27 жастағы жүргізушіге қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Елордалық тұрғын көлік жүргізу құқығының жоқтығына қарамастан рөлге отырғаны және мас күйінде көлік басқарғаны үшін айыпқа ілініп отыр. Бүгінде жүргізуші қамалып, оның айппұл тұрағына қойылды.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері елордада мас жүргізушілер кінәсінен 163 жол-көлік оқиғасы болған. 10 адам түрлі жарақат алған.

Ал өткен жылы мас күйінде көлікке отырған жүргізушілердің кесірінен 10 адам жарақат алып, 1 адам мерт болған.