Ауа райы • 09 Тамыз, 2021

Бүгінгі күн райының қандай болатыны айтылды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 9 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі күн райының қандай болатыны айтылды

«Орталығы Павлодар облысының үстіндегі циклон республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында тұрақсыз ауа райының сақталуына себепші болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстікте, солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жауып, дауыл соғады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола облысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болады.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күндіз 15-20 м/с дейін жел күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады, Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты ыстық, облыстардың оңтүстігінде өте қатты ыстық, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», делінген хабарламада.