Экономика • 09 Тамыз, 2021

Доллар қайта қымбаттай бастады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сүйенсек, доллар теңгеге қатысты біршама өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар қайта қымбаттай бастады

Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,06 теңгеге артып, 426,38 теңгені құрады.

Kurs.kz ресурсының деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 426,10 теңге, ал сатылым - 427,61 теңге. Нұр-Сұлтанда орта есеппен 425,79 теңгеден сатып алып, 426,95 теңгеден сатады.

Ұлттық банк долларының 7-9 тамыздағы ресми бағамы 424,32 теңгені құрайды.