Аймақтар • 09 Тамыз, 2021

Түркістан облысында есірткі сатып, оқ-дәрі сақтаған экстремист ұсталды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері есірткі сақтау және өткізу күдігіне ілінген деструктивті діни ағымның жақтаушысын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында есірткі сатып, оқ-дәрі сақтаған экстремист ұсталды

Заттай айғақ ретінде есірткі заты бар түйіншек тәркіленді. Күдікті оны Келес ауданының тұрғынына 25 мың теңгеге сатқан.

«Сондай-ақ ұсталған азаматтың үйінен жалпы салмағы 760 грамм «анашаға» ұқсас есірткі мен атыс қаруының 20-дан астам патроны табылды», деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі «есірткі, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу»  бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Күдікті қамауға алынды. Тергеу істің барлық мән-жайларын, сондай-ақ ер адам тыйым салынған заттарды қандай мақсатта сақтағанын анықтайтын болады», деп қосты ол.

Полиция есірткі заттарының заңсыз таралымы мен айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.