Аймақтар • 10 Тамыз, 2021

ШҚО-да тағы өрт шықты

662 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында өрт сөндірушілер дала өртімен күресіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да тағы өрт шықты

Бұл туралы Semey News ақпараттық порталы мәлімдеді.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Күршім ауданындағы ашық алаңдағы шөптің өртенуі кеше 14:00 шамасында басталған. Өрт әп-сәтте 40 га алаңға шарпыды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.

«Өртпен күресуге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 13 адам, 2 бірліктегі техника және орман шаруашылығынан 11 адам, 3 бірліктегі техника, жергілікті атқарушы органнан 1 су тасығыш, 2 трактор және 25 тұрғын жұмылдырылды», деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар