Әлем • 12 Тамыз, 2021

Байденнің әрекеті елді таң қалдырды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақ үйге кірер алдында арнайы агенттің нұсқауларына мән бермеген АҚШ Президенті Джо Байденнің әрекеті желі қолданушыларын тағы да таң қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байденнің әрекеті елді таң қалдырды

Хилл басылымы америкалық көшбасшының Уилмингтоннан келгеннен кейін резиденциясына қайтып оралғанын түсірді.

Ақ үй басшысы қауіпсіздік қызметкері қайда бару керектігін көрсетсе де арнайы жолмен емес, көгалмен жүрді. 

Видеодағы іс-әрекет 78 жастағы Президенттің сыншыларын таң қалдырды, олар Байденнің психикалық бұзылулардың әсерінен зардап шегетінін айтуда.

Олар қазірдің өзінде АҚШ -тың ең қарт Президенті Байденнен ел басқаруға «психикалық дайын» екенін дәлелдеу үшін когнитивті тест тапсыруды талап етті. Бірнеше сарапшылар көшбасшының психикалық құлдырауы мен ұмытшақтығын қатты жариялады.

Алайда кейбірі егде жастағы Президентті қорғады және арнайы агент мемлекет басшысына Ақ үйге кіру үшін айналма жолды таңдауға арнайы белгі беруі мүмкін деген пікір білдірді.