Қазақстан • 12 Тамыз, 2021

Жол ақысын төлемеген 8 мың адам айыппұл төледі

873 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 8 мыңнан астам адамға қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық көлік жүйелерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол ақысын төлемеген 8 мың адам айыппұл төледі

«Жыл басынан бері Қазақстанда жол ақысын төлемеген 8081 жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 65%-ы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді», деп жазылған баспасөз хабарламасында

2021 жылдың 7 айында елордада көліктік бақылау департаменті қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуден жалтарған 134 558 деректі анықтады. Оның ішінде 5 290 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 29 миллионнан астам теңгені құрады.

Сонымен қатар, жолаушылар арасында жеңілдіктері мен оқушы карталарын басқа адамға пайдалану үшін беретін жолаушылар бар. Көліктік бақылау қызметкерлері осындай 1111 картаны тәркіледі. Оның ішінде 339-ы жеңілдікпен, ал 772-сі - оқушы картасы.

Елордадан кейін Алматы (1524) және Шығыс Қазақстан облысында (1026) да жол ақысынан жалтаратындар көп.