Спорт • 14 Тамыз, 2021

Әйелдер күресінен әлем чемпионатына кім қатысады?

567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әйелдер күресінен әлем чемпионатына кім қатысады?

16-22 тамыз аралығы Ресей Федерациясы, Уфа қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жастар арасында (U-21) әлем чемпионаты өтеді. 

Қыздар күресінен ел намысын 10 балуан қорғайды. Олар:

50 келі: Маркашева Аяжан (Шымкент)

53 келі: Баянова Зейнеп (БҚО)

55 келі: Дүйсенғалиева Сандуғаш (Шымкент)

57 келі: Раймова Нилюфар (Түркістан облысы)

59 келі: Аман Мадина (Түркістан облысы)

62 келі: Болд Жангүл (Ақмола облысы)

65 келі: Токташ Аяжан (ШҚО)

68 келі: Панасович Анастасия (БҚО)

72 келі: Зайцева Александра (Ақмола облысы)

76 келі: Мулкинова Дильназ (Алматы)