«Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» дейді халық даналығы. Шынында да, адамзаттың осы өмірдегі миссиясы – артынан ұрпақ қалдыру. Өкінішке қарай, қазір елімізде балалы бола алмай, сәби сүюді арман еткен ерлі-зайыптылар қатары көбеюде. Бірақ бұл тығырықтан шығудың жолдарын қарастырумен қазақстандық медицина ғалымдарының айналысып жатқанына да 26 жыл болды.

Тіпті олардың ауыз толтырып айтарлық жетістігі де жеткілікті. Олай дейтініміз, репродуктолог-дәрігерлер, эмбриологтер мен генетиктердің үздіксіз тиімді де жоғары жұмысының арқасында елімізде 25 мыңға жуық отбасы ана мен әке болу бақытына бөленді.
Міне, осындай мол тәжірибе мен жетістіктерден соң қазақстандық медицина саласындағы репродуктолог ғалымдарының тобы «Экстракорпоральды ұрықтандыру – Қазақстандағы бедеулікті емдеудегі жаңа дәуір» атты медицина саласындағы тың жобаларын Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия назарына ұсынды. Екі жылда бір рет берілетін бұл сыйлық ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегінің жоғары бағаланғанын айқындай түседі.
Ал еліміздің беделді де, танымал клиникалық фармаколог-ғалымы, жоғары білім мен медицина ғылымын ұйымдастырушы, Қазақстандық фитофармакология мектебінің негізін қалаушылардың бірі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының және Нью-Йорк Ғылым академиясының (АҚШ) академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайролла Дүйсенбайұлы Рахимов репродуктолог ғалымдарының бұл еңбегі Мемлекеттік сыйлықпен марапатталуға әбден лайық екенін айтады.
Солардың ішіндегі көшбасшы ғалым Салтанат Берденқызы Байқошқарова– Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандырудың (ЭКҰ) негізін қалаушы, ҰҒА құрметті академигі, профессор, биология ғылымдарының докторы, «Экомед» адам репродукциясы клиникалар тобының ғылыми жетекшісі, «Инновациялық репродуктивті технологиялар академиясының» басшысы. Ол –
2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның белді мүшесі.
Оның еңбегі екі рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен марапатталған. 2001 жылғы жұмыс нәтижесі бойынша ол Алматыда үздік ғалым ретінде танылып, «Алматы жұлдызы» медалімен марапатталды. ЭКҰ саласындағы бірінші маман және Қазақстандағы бірінші ЭКҰ зертханасының ұйымдастырушысы ретінде денсаулық сақтау бөліміндегі КИНЭС қазақстандық рекордтар кітабына енгізілген, Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы мен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерін, Ұлттық медициналық ассоциациясының «Алтын дәрігер» атағын алған, «Қазақстандық әйел» телевизиялық байқауының жеңімпазы, 2017 жылы халық таңдауы нәтижесінде «Қазақстанның 100 есімі» тізіміне енгізілді.
«Бедеулік – шын мәнінде әлемдік мәселе. Бұл әлемнің барлық елінде кездесуде. Сөзіміз сүйекті болу үшін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) деректеріне көз жүгіртейік. Әлемнің әртүрлі елдерінде ерлі-зайыптылардың 13-19%-ы, яғни әр 6-8 отбасы жүктілік кезінде қиындықтарға тап болады. Мәселен, АҚШ-тың бір өзінде жыл сайын 5-6 млн жұп бедеулікпен күреседі. Ал статистика Қазақстанда әрбір бесінші ерлі-зайыптының бедеулік салдарынан сәби сүйе алмай отырғанын көрсетеді», дейді Қ.Рахимов.
Шынында, ұрпақсыз неке – маңызды және күрделі медициналық, әлеуметтік және демографиялық мәселелердің бірі. Ерлер мен әйелдердің бедеулігіне қатысты патогенезінің физиологиясын зерттеу үшін, ерлі-зайыптылардың жағдайын кешенді физиологиялық зерттеу, бедеулікті жеңудің оң нәтижесіне әсер ететін өлшемшарттар мен факторларды талдау қажет. Бұл жағдайды диагностика жасау мен тиімді емдеудің қосалқы репродуктивтік әдістерін қалыптастырмай, енгізбей және жетілдірмей, сондай-ақ адам репродукциясының физиологиялық процестерін терең түсінбей зерттеу мүмкін емес. Сондықтан репродуктология саласындағы популяциялық зерттеулер, әсіресе факторлық талдаумен байланысты зерттеулер бедеуліктің этиологиясы мен патогенезінің қандай да бір аспектілерін түсіну де аса маңызды. Бұл мәселе, атап айтқанда, гинекология, андрология, эмбриология, физиология және эндокринологияның қиылысында шешілмек және осы мәселені сәтті шешу үшін кешенді тәсіл қажет.
Жалпы, Қазақстанда ұрпақсыз некенің жиілігі 15 пайызды құрайды. ДДҰ бұл көрсеткіш деңгейін мемлекеттік мәселеге балап отыр, өйткені бұл халықтың демографиялық даму көрсеткіштеріне теріс әсер етері анық.
Қ.Рахимовтің айтуынша, репродуктивті денсаулық – бұл адамның жыныстық саласының жағдайын ғана емес, сонымен бірге дененің жалпы саулығын, оның ішінде физикалық, рухани және әлеуметтік әл-ауқатын зерттейтін медицина саласы. Репродуктивтік денсаулыққа дәстүрлі қамқорлық көбінесе акушер-гинекологтер, уроандрологтер, эндокринологтер, эмбриологтер тарапынан жасалуда, бірақ қазіргі уақытта бұл салаға басқа мамандықтағы дәрігерлердің де қызығушылық таныта бастауы – қуантарлық жайт.
Бүгінгі таңда қосалқы репродуктивтік технологиялардың (ҚРТ) көмегімен бедеулікті емдеу бойынша мамандандырылған клиникалардың жұмысын ұйымдастыру мәселесі ерекше мәнге ие болып келеді. Бұл туралы спикер: «Қазақстандық зерттеушілер жұмыстарының циклі – ерлер мен әйелдердегі бедеуліктің барлық түрін диагностикалау мен емдеудің дербестендірілген тәсілдерін әзірлеуге және елдің денсаулық сақтау практикасына енгізуге арналған. Қазақстанның қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласындағы бұл бағыт анағұрлым дамыған. Барлық технология жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, құқықтық негізге ие болған ол ұлттық және этностық ерекшеліктермен өзара байланыста. ҚРТ және бедеулік регистрлерін жүргізудің қазақстандық тәжірибесі, пациенттерге ҚРТ көмегімен көмек көрсетудің әзірленген құқықтық шешімдері көптеген әлемдік мектеп үшін үлгі боларлық», дейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда имплантацияға дейінгі генетикалық скрининг әдістерін, андрологиядағы микрохирургиялық операцияларды, сондай-ақ онкологиялық науқастардың репродуктивтік әлеуетін сақтау үшін олардың жыныстық жасушаларын, эмбриондарын және жыныс бездерінің тіндерін криоконсервациялаумен қатар, әлемдегі барлық дерлік технологиялар мен ЭКҰ әдістемелері қолданылуда.
Академик Қ.Рахимовтің айтуынша, онкофертилдік бағдарлама – заманауи онкология мен репродуктологиядағы жаңа бағыт. Енді онкологиялық аурумен сырқаттанған науқастар емдеуді аяқтағаннан кейін өздерінің балалы бола алатынына үміттене алады, өйткені қазіргі криобиологияның жетістіктері бұған мүмкіндік береді.
Қазақстандық авторлар ерлердің бедеулігі кезіндегі техникалық күрделі және тиімді операциялардың бірі болып табылатын микрохирургиялық вазоэпидидимостомияларды енгізу және кеңінен қолдану нәтижелерін ұсынып отыр. Қазақстандық репродуктологтердің бұл саладағы тәжірибесі зор екенін айтар едік. Оған дәлел – журналдарда жарық көрген мақалалар мен Алматы және Нұр-Сұлтан ҚРТ клиникаларына ем алу үшін арнайы келген шетелдік пациенттер.
Авторлардың зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты ұрықтың криобанкасын құруға, ооциттерді, эмбриондарды және ұрықтан алынған биоматериалды сақтауға бағытталған. Аналық безден немесе оның қосалқысынан алынған биологиялық материалды криоконсервілеу, онда шәует жасушасы болған жайдайда, кейіннен оларды экстракорпоралдық ұрықтандыру бағдарламасында пайдалану, шәует жасушасын ооцит цитоплазмасына енгізу үшін жүзеге асырылады.
Зерттеушілер тобы осы ретте аналық бездердің қолданыстағы резервіне, пациенттердің жасына, ұрпақты болу жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты суперовуляцияны бақылауда ұстайтын ынталандырудың жеке тәсілдік принциптерін ұсынып отыр.
Авторлар этикалық қағидаларға сүйене отырып, суррогат ана қызметін пайдаланудың құқықтық тұрғыдан қауіпсіз тәсілдерін ұсынды. Яғни суррогат ана «қызметіне» ерлі-зайыптылар қандай жағдайда жүгіне алады деген мәселеге келсек, бұл патологиялық босану немесе гинекологиялық аурулар кезінде жатырдың алынып тасталуына, сондай-ақ бойға бала біткенімен, қайта-қайта түсік тастай берумен байланысты ана болу мүмкіндігінен айырылған әйелдерге осындай тәсіл арқылы балалы болу мүмкіндігі бар.
Қазіргі заманғы қазақстандық клиникаларға жұмыс авторларының қатысуымен әзірленген медициналық ақпараттық жүйелер енгізілген, бұл емдеу мекемесінің жұмысын пациенттер мен қызметкерлер үшін барынша ашық және ыңғайлы етуге мүмкіндік беріп отыр.
Елімізде репродуктолог-дәрігерлер, андрологтер, эмбриологтер, криобиологтер мен генетиктердің көпжылғы тиімді еңбегі 25 мыңға жуық отбасына ана мен әке болу бақытын сыйлағанын жоғарыда атап өткенбіз. Экстракорпоральды ұрықтандырудың сәтті бағдарламаларынан кейін туған нәрестелердің жаңа туған кезеңі, балалық шағы туралы мәліметтер, «пробиркадан» шыққан балалардың денсаулығына қатысты мифтерді жоққа шығарып отыр. ЭКҰ-дан кейінгі балалардың неврологиялық және соматикалық денсаулығы да үлкен қызығушылық тудыруда. Отандық ғалымдар мен клиницистердің жұмыстары бедеулікке шалдыққан науқастарды емдеу жөніндегі әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуына септігін тигізгенін айтар едік. Айталық «Аңсаған сәби» бағдарламасын қаржыландыруға қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасынан кейін оған бөлінетін квоталар саны 2021 жылы 7 есеге ұлғайды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қазақстандық медицина ғалымдары ұсынған жұмыстар топтамасы өзектілігімен, зерттеулердің жаңашылдығымен, практикалық маңыздылығымен ерекшеленіп, Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту бойынша ел Үкіметі алға қойған міндеттер үдесінен табылып отыр.
Сая ЗАГИПОВА
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар