Экология • 16 Тамыз, 2021

Каспий деңгейі неге төмендеді?

3863 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Еліміздегі жалғыз тұйық теңіз – Каспий. Аталған су айдынындағы құбылыстарды қалт жібермейсаралайтын сарапшылардың пайымдауынша, теңіздеңгейі көпжылдық, жыларалық, маусымдықауытқуға ұшырағаны байқалып отыр. Алайда мұнысала мамандары табиғи үрдіске балайды. Өйткенімұндай мерзімдік ауытқу сыртқы шекарада өзгермелішарты бар жабық су қоймасы үшін қалыпты жағдайсаналады.

Каспий деңгейі неге төмендеді?

Экология, геология және табиғи ресурс­тар министрлігі мамандарының мәліметіне сүйенсек, өткен ғасырдың 30-жылдарынан бері Каспий деңгейінің төмендеуі байқалды. 1977 жылға қарай теңіз деңгейі 3 метрге төмендеп, -26-дан -29 метрге дейін жеткен. Кейін су деңгейі қайта көтеріле бастап, 1995 жылы 3 метрге жоғарылап, -26,62 метрді құраған. Осы аралықта су деңгейінің көтерілуі жылына шамамен 14 см, ал кей жылдары -36 см болған.

«2005 жылдан бері циклдік төмендеу кезеңі қайтадан басталды. Каспийде желдің әсерінен мезгілсіз ауытқу болып тұрады. Мәселен, Каспийдің солтүстік бөлігіндегі «Жанбай» теңіз гидропосты ауданында осындай маусымдық көрініс анық байқалып отыр. Әсіресе көктем мен күзде. Бұған солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын жел себеп. Ал жазда жел екпіні қатты емес кезде мұндай жайт кездеспейді. Теңіз деңгейінің көтерілуі желдің жылдамдығы 10-15 м/с және ұзақтығы 10-12 сағаттан 1-2 күнге дейін жалғасса ғана байқалады. Ал жел секундына 15-25 метрге жеткенде теңіз деңгейінің биіктігі 1,5-2 метр немесе одан да жоғары болады», деп хабарлады министрліктің баспасөзқызметі.

Соңғы жылдары Каспий теңізі дең­­гейінің ауыт­қуына климаттың антро­­погендік өзге­руінің әсері бары анық­талыпты. Сарапшы­лар­дың дерегіне сүйен­сек, 2006-2020 жылдар аралы­ғында Кас­пий теңізінің акваториясына жауын-ша­шынның аз мөлшері түскен. Ал бу­лану процесі керісінше қарқынды бол­ған. Сон­дай-ақ Еділ (Волга) өзенінің бас­сейнінде су мөлшерінің аздығынан теңізге келетін ағын мөлшері көп болмаған.

Дегенмен министрлік айтып отырған басты себепклиматтың жылынуы. «Каспий деңгейінің төмендеуі мен жо­ға­рылауы бұрын да болған. Оның ұзақ мерзімді табиғи циклдік сипатқа ие еке­нін атап өтеміз. Соңғы жылдары Кас­пийдің жағдайына ғаламдық жылы­ну да ықпал ете бастады», делінген минис­тр­ліктің мәліметінде.

Су айдынының қазақстандық секторын игеріп жатқан NCOC компаниясы Каспий теңізіндегі тереңдету жобасын бастағалы отыр. Бұл жоба қалай іске асады? Оған бақылау жүргізіле ме? Жалпы бұл жобаның теңіздің экожүйесіне әсері қандай болмақ? Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұл­фұхар Жолдасовтың пікірінше, қоғамдық мониторингтік топ бақылауға алады. Оның құрамына жергілікті экологтер, ғалымдар мен экобелсенділер кірген.

– Гидрология, ихтиология саласын­дағы ғалымдар жобамен ашық түрде танысып жатыр. Қоғам өкілдеріне де көрсеттік. Тереңдету жұмыстары жаңа бағыттарда емес, қолданыстағы кеме жолдарында, 29 шаршы км аумақта ғана жүргізілмек. Бұл теңіздің солтүстік-шы­ғыс аймағының 0,03 пайызын құрайды. Сол себептен балықтар миграциясы­на, құстар ареалына соншалықты әсе­рі болмайды. Ал аз көлемдегі залалды компанияға өтету әдістемелері қарасты­ры­лып отыр. Теңіз суының лайлануын азай­ту үшін жаңа технологиялар қолда­ны­лады. Біз бұл жобаны тұрақты бақы­лауда ұстаймыз, – дейді З.Жолдасов.

Ал NCOC компаниясы бас директо­рының орынбасары Ермек Марабаевтың айтуынша, тереңдету жұмысы ауқымды жоба емес. Бұләдетте атқарыла беретін шаруа.

Тереңдету жұмыстары теңіздегі бес аралда жүргізіледі. Теңіз деңгейінің төмендеуі аралдар арасындағы кемелердің қозғалысына, тасымал, апаттық құтқару жұмыстарына кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан теңіздегі тек кеме жолдарын ғана тереңдетеміз. Канал салу жоспары жоқ. Ал тереңдету – Каспий теңізіндегі күнделікті жұмыс. Кеме жолдары әр жылдары тереңдетілді. Одан экология­ға қауіп жоқ. Дегенмен экологиялық әсер­­ді бақылау үшін тұрақты түрде өнді­рістік мониторинг жүргіземіз, – дейді Е.Марабаев.

Оның айтуына сенсек, каналдарды төсеу идеясы 1995 жылдан бері Кас­пий теңізі деңгейінің, оның ішінде «Қа­шаған» кен орнында теңіз нысандары орналасқан аумақта төмендеуіне байланысты қажеттілікке айналып отыр. Жоба құрылысы екі кезеңге бөлінген. Біріншісі – «D» аралына батыс кіреберіс каналы. Екіншісі – «D» аралын пилотсыз аралдармен байланыстыратын кәсіпшілік канал. Оның ені 80-нен 115 метрге дейін жетеді. Жобада диаметрі 325-тен 380 метрді құрайтын 10 бұрылыс бассейнін құру көзделіпті. Теңіз түбінен 18,5 млн текше метрден аса топырақ шығарылады.

Биология ғылымдарының докторы Елена Крупа тереңдету кезінде су­дың лайлануы теңіздегі организмдерге уақыт­ша ғана әсері болатынын алға тартып отыр. Бірақ мұның теңіз деңгейіне зияны тимейді.

– Каспий теңізінің экожүйесі қайтадан қалпына келу қабілетіне ие. Теңіз орга­низмдерінің қоректік базасы туралы айтсақ, фитопланктондар теңіз табанын тереңдету әсерінен болған лайлану кетіп, тұнғаннан кейін бірден қалпына келеді. Бір айдан соң зоофланктондар, одан соң макрозообентос бұрынғы қалпына түседі. Жобаны Каспий теңізі деңгейінің динамикасымен байланыстыруға болмайды. Себебі канал салынбайды ғой. Теңіз деңгейіне Жайық пен Еділ өзендерінің ағыс көлемі мен климаттық факторлар әсер етеді, – деген пікірін білдірді ғалым.

Ал биология ғылымдарының докто­ры, ихтиолог Асқарбай Камелов бұл жобаның балықтар миграциясына әсер етпейтініне сенеді. Өйткені Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтар екі жағдайда, яғни уылдырық шашу және азық іздеу үшін көшіп-қонады.

Уылдырық шашу кезінде теңіздің барлық акваториясы бойынша емес, тек жағалау аймағында миграция жасайды. Яғни бұл кезеңде олар тереңдету жобасы жүзеге асатын аймақтың әсеріне ұшырамайды. Ал қорек іздегенде көбіне солтүстік аймақтағы таяз жерлерге барады. Сондықтан миграцияға аталған жобаның әсері болмайды, – дейді ол.

Қоршаған ортаға, әсіресе теңіз экологиясына Парламент Мәжілісінің депутаттары да алаңдаушылық білдіріп отыр. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдаған Сәлімжан Нақпаевтың мәліметінше, 2010 жылы құрлықта 8 584, Каспий теңізінің су басар жағалауын­да 1 262 мұнай ұңғымасына зерттеу жүр­­гізіліпті. Зерттеу қорытындысымен 82 мұ­най ұңғымасын жоюға ұсыныс беріл­ген. Сондай-ақ 2013 жылы Атырау облы­сының әкімдігі 1 400 мұнай ағу қаупі бар ұңғыманың бар екенін, оның 128-ін Каспий теңізінің суы басып жатқанын анықтапты.

Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін мұндай ұңғымалар бір өңірде ғана емес, Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында да бар. БұлШығыс Тасорпа, Құлтай, Жилянская, Петропавловская және бас­қа кен орындарындағы ұңғымалар. Эко­логия, геология және табиғи ресурс­тар министрлігінің мәліметіне қарағанда, Каспий теңізі жағалауында бір ұңғыма, құрлықта 41 ұңғыма жойылған. Қазір жойылуы тиіс бес мұнай ұңғымасы қал­ған, – дейді С.Нақпаев.

Депутаттың айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылар аумағында орналасқан ұңғымаларды жою немесе консервация­лауды сол компаниялардың есебінен жүзеге асыру міндеттелген. Алайда кей­бір жосықсыз жер қойнауын пайдаланушылар өз міндетін толық орындамай отыр. Сондай-ақ зерттелген және жойылған ұңғымалардың статистикалық мәліметі сәйкес келмейді. Құрлық пен Каспий теңізінің жағасында жойылуы тиіс нақты қанша апатты ұңғыма қалғаны белгісіз болып отыр. Кезінде есеп жүргізгенде иесіз қалған мұнай ұңғымаларының қатарына гидрогеологиялық ұңғымалар да енгізілген.

Сол себептен Үкімет тарапынан бірнеше нақты іс-шара атқарылуы тиіс. Біріншіден, еліміздің аумағында жойы­луға және консервациялауға жа­­татын ұңғы­малардың нақты санын анықтау қажет. Екіншіден, апатты ұң­­ғымалардың жойылуын немесе кон­сервациялау жұмы­сын бекітілген мерзімде аяқтамаған жер қой­науын пай­даланушыларға шара қол­дану керек. Үшін­шіден, иесіз қалған апат­тық мұнай ұң­ғы­маларын жою, не консервациялау үшін бірнеше жылға арналған нақты тізбе жасақталып, бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінгені жөн, – деп есептейді С.Нақпаев.

Түйіндей айтқанда, қазақ қоғамы үшін де, жағалаудағы өзге елдер үшін де Кас­пий теңізі экологиясының бүлінбегені қажет. Бұлбаршаның талабы.