Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,63 теңгеге артып, 425,67 теңгені құрады.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 425,47 теңге, ал сатылымы - 426,94 теңге. Елордада америкалық валютаны орта есеппен 424,97 теңгеден сатып алып, 426,08 теңгеден сатады.
Ұлттық банктің 18 тамыздағы ресми доллар бағамы 425,00 теңгені құрайды.