«Мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының кезекті форумына дайындалып жатырмыз. Біз бауырлас Қазақстанмен достық пен серіктестікті, одақтастықты шын жүректен бағалаймыз», деді Мишустин.
Ол сондай-ақ бірлескен жұмыстың үлкен мүмкіндіктері бар екенін, үкіметтік желі бойынша күн тәртібі қалыптасқанын, сауда-экономикалық ынтымақтастық жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
«Бірінші жартыжылдықта өзара тауар айналымы үштен бірге өсті. Біз жыл соңына дейін жақсы рекордтық көрсеткішті күтеміз және бұл үшін барлық алғышарттар бар», деді РФ үкіметінің басшысы.