Елорда • 19 Тамыз, 2021

Елордада 22 баланың ата-анасына айыппұл салынды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалардың бақылаусыз қалуының алдын алу үшін елордалық полицейлер рейд шараларын жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 22 баланың ата-анасына айыппұл салынды

«Ювеналдық полиция учаскелік инспекторлары сағат 22.40-та «Текила» клубында жүрген 22 кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді анықтап, полицияға жеткізді. Олар салынған тыйымға қарамастан клубта досының туған күнін атап өтпек болған», деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ҚР Әкімшілік кодексінің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында жүргені үшін олардың ата-анасымен бірге көңіл-көтеру орындарының иесі де жауапқа тартылады.

Ғимарат иесіне қатысты материал жинақталып, әкімішілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.