Экономика • 19 Тамыз, 2021

Қазақстандықтар ипотеканы мерзімінен бұрын өтей бастады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері қазақстандықтар 47.8 мыңнан астам ипотекалық несиені мерзімінен бұрын төлеген. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде көрсеткіш екі есе төмен, яғни 24.5 мың болған, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандықтар ипотеканы мерзімінен бұрын өтей бастады

Бірінші жартыжылдықта ипотекалық қарыздарды төлеген азаматтар саны бірден артты. Бұл зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігіне байланысты жүзеге асқан.

Соңғы мәліметтер бойынша, БЖЗҚ-дан 8 494 өтініш бойынша ипотекалық қарыздарды толық жабуға 33.4 млрд теңге бағытталды. Ішінара өтеуге 56 067 өтінім беріліп, 130.3 млрд теңге төленген.

Мерзімінен бұрын өтелген несие көлемін "Отбасы банкі" де атады. Аталмыш банкке еліміздің ипотекалық нарығының 60%-і тиесілі. Бірінші жартыжылдықта бұл банктің қарыз алушылары 25 мың несиені мерзімінен бұрын жапқан.

2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша бүкіл тарихтағы келісімшарттардың жалпы саны 805 606 құрайды, олардың 55%-тен астамы мерзімінен бұрын жабылған.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда барлық ипотекалық қарыздардың жартысынан астамы мерзімінен бұрын өтеледі. Мерзімінен бұрын өтеудің орташа мерзімі - 3.5 жыл.