Спорт • 19 Тамыз, 2021

Бұқаралық спортқа көңіл бөлу кәсіпқой спортшылар буынын қалыптастырады

479 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Жетісуда кәсіпқой спорт пен бұқаралық спорттыңдамуы құстың қос қанатындай тең дәрежеде дамыпкеледі деп айтуға болады. Оған өңірдегі саламаттыөмір салтын ұстанушылар қатарының жыл сайынартып, әр аудан мен ауылдарда спорт-сауықтырукешендерінің көптеп ашылуы дәлел. Ал Алматы облысынан шыққан спорт саңлақтары әлемдікдодаларда топ жарып, аймақтағы кәсіби спортқа дегенқамқорлықтың жоғары деңгейде екенін көрсетіпкеледі.

Бұқаралық спортқа көңіл бөлу кәсіпқой спортшылар буынын қалыптастырады

«Ондай бассейн
Орталық Азияда жоқ...»

Дерек бойынша, облыста 667 мыңнан аса адам немесе жалпы халық санының 32 пайызы дене­шы­нықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады екен. Әсіресе жастар арасында спортқа деген қызығушылық басым. Мәселен, өңірде 3 мыңнан аса спорт нысаны мен 43 спорт мектебі жұмыс істесе, онда 42 мыңға жуық бала спортпен шұғылданады.

Биыл облыстың спортсүйер қауымы үшін жағымды жаңалық көп болып тұр. Соның біріТал­дық­орған қаласында ашылған жүзу бассейні. Орталық Азияда теңдесі жоқ деп саналатын бұл жүзу бас­сейні 570 орынға арналған, екі қабатты ең­селі ғимараттан тұрады. Мұнда жас спортшылар су добы, суға секіру, аквааэробика сияқты жүзу­дің барлық түрімен жаттыға алады. Болашақта ғимараттың ха­лық­аралық жарыстар өткізуге де мүм­кін­дігі бар екен.

Елбасы мен Президенттің елі­міз­дегі спортқа көңіл бөлу туралы тапсырмаларына сәйкес бүгінде Алматы облысында13 дене шы­нық­тыру-сауықтыру кешені жұ­мыс істеп тұр. Жақында облыс орта­лығынан Орталық Азияда теңдесі жоқ жүзу бассейнінің құрылысын аяқ­тап, қолданысқа бердік. Бұл нысан өскелең ұрпақты спортқа баулуға үлкен серпін береді және осы жерден еліміздің даңқын шығаратын мықты спортшылар тәрбиеленіп шығады деп сенемін, – дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

Қазір бассейннің ашылғанына талдықорғандық жасөспірімдер бар ынтасымен қуанып жүр. Мәселен, Талдықорғандағы №14 мектептің 11-сынып оқушысы Ислам Каримов 5 жылдан бері жүзумен айналысады екен. Ол мұндай үлкен жүзу орталығына келіп, дайындығын шыңдауға мүмкіндік туғанына дән риза.

Жасым – он алтыда. Жүзуге ден қоя бастаған 5 жылдың ішінде бір­шама жетістікке жеттім. Ашық суда жүзуден Қазақстан чемпио­ны болдым, спорт шеберімін. Жү­зумен кәсіби түрде айналыса­мын деп шештім. Бүгінге дейін бізшағын «Өркен» спорт кеше­нін­де жаттығатын едік. Енді осындай заманауи ірі бассейнде жат­ты­ғуы­­мызға зор мүм­кін­­дік туды. Мұн­дағы бассейн ұзындығының 52 метр болуыұзаққа жүзудегі шыдам­дылықты шыңдайды. Мем­ле­кет жастарға спортпен айна­лы­суға барлық жағдайды жасап отыр. Бүгін ерекше қуанышқа кенеліп тұрмыз. Осындай бассейн салын­ғаннан кейін суда жүзуге қызығу­шы­лығы артатын балалар көбейеді деп ойлаймын, – дейді Ислам.

Жалпы, осы заманауи жүзу бассейні 3,8 га жерді алып жатыр. Бұл ғимараттың жалпы ауданы 13 мың шаршы метрден асады. 570 орынға арналған жүзу бас­сейнінің құрылысына 11,4 млрд тең­геден астам қаражат жұм­сал­ған. Ғимараттың сыртқы кейпі те­ңізде жүзіп жүрген алып ба­лық­ты елестетеді. Мұнда 3 бассейн бар, соның ішінде ең үлкенінің ұзындығы – 52 метр, ені – 25 метр. Бұл ғимаратта ниет білдіргендер су добы, суға секіру, аква аэробика сияқты жүзудің барлық түрімен жат­тыға алады.

Бассейн жыл бойы түрлі дең­гей­дегі спорттық жарыстар өткізу­ге, сол сияқты азаматтарды саламатты өмір салтына бейімдеуге, балаларды жүзуге үйретуге арналған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта триатлон, байдаркада есу, каноэ және басқада бөлімдер ашу жоспарда бар. Жалпы, осы бас­сейн арқылы Талдықорғанның бола­шақта су спортының орталығы болуына мүмкіндігі бар.

Олимпиада жүлдегерлері баспаналы болды

Жақында Токио Олимпиа­да­сы­на қатысып, жүлдегер болыпқайтқан жетісулық спортшыларға құрмет көрсетілді. Оларға облыс әкімі Амандық Баталов пәтер кілтін табыстады. Мұндай құр­мет­ке ауыр атлетикадан жазғы Олим­пия ойындарының қола жүлде­гер­лері Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон ие болды.

Сіздердің спорттағы жетістік­те­ріңізді ел Президенті жоғары бағалап, мемлекеттік награда берді. Зульфия ІІ дәрежелі «Дос­тық», Игорь «Құрмет» ор­ден­де­рі­мен марапатталды. Олим­пия ойындарының қола жүлдесіелімізүшін жетістік. Сондық­тан сендер біздің еліміздің мақтаны­шы­­сыздар. Сіздерге барлық қа­жетті мемлекеттік қолдау тұ­рақ­­ты түрде көрсетіледі. Біз өз та­ра­­пымыздан көмектесуді және қол­­дауды жалғастырамыз. Бүгін мен сіздерді жетісулықтар атынан елеулі жеңіспен құттықтаймын және жаңа спорт шыңдарын ба­ғын­дыруларыңызға тілектеспін, – деген Амандық Баталов спорт­шы­ларға облыс әкімінің құрмет грамотасы және пәтер кілттерін табыс етті.

Марапаттау кезінде Зульфия Чиншанло үш бөлмелі пәтердің, ал Игорь Сон екі бөлмелі пәтердің кіл­тін алды. Спортшылардың жаттық­тырушылары да марапат­тан құралақан қалмады. Олардың әрқай­сысына 2 млн теңге тұратын қаржы сертификаттары тапсырылды. Жиында Олимпия ойын­да­рының қола жүлдегері, ауыр атлетикадан 2019 жылғы әлем чем­пионатының күміс жүлдегері Игорь Сон спортшыларға көрсет­кен көмегі мен қолдауы үшін ал­ғы­сын білдірді. 

Спортшыларға барлық жағы­нан көрсеткен көмегі үшін ел Президентіне шынайы ризашы­лы­ғымды білдіремін. Біз өз тарапымыздан артылған сенімді ақтауға бар күшімізді саламыз. Алда – Азия ойындары. Біз оларға жоғары марапаттарға ие болу үшін белсенді түрде дайындаламыз, – деді ол.

Сондай-ақ Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Игорь Сонның жаттықтырушысы Влади­мир Седов те ризашылығын білдір­ді:

– Мен 13 жыл бойы спорт интерна­тында жаттықтырушы бо­лып жұмыс істеп келемін. Енді Олим­пия ойындарының қола жүл­дегері атанған тағы екі тәрбие­ленушім бар. Біріншісі – Карина Горичева, екінші – Игорь. Мен бұған өте қуаныштымын. Жаттық­тырушылар атынан спортшы­ла­ры­мыз­дың тыңғылықты жаттығуы үшін жа­салған жағдайға алғыс айтқым келе­ді. Біз елге және ай­мақ­қа медаль әкелу үшін жұ­мыс­ты жалғастырамыз, – деді жат­тық­тырушы.

Кездесу барысында спортшылар алдағы жоспарларымен бөлісті, өздерінің мақсаттары мен спорттық дайындық ерекшеліктері туралы айтты. Ал өңір басшысы АмандықБаталов Алматы облысы чемпиондардың тұтас галактикасын тәрбиелеп шығарғанын, бұл мем­лекеттің жан-жақты қол­да­уы­ның арқасында мүмкін болға­нын тілге тиекетті.

Біз жақында Орталық Азияда бал­амасы жоқ олимпиадалық бас­сейн­ді пайдалануға бердік. Қазірдің өзінде оған 850 бала жүзуге жа­зылды. Болашақта олардың көп­шілігі бізді жетістіктерімен, же­ңіс­терімен қуантады деп ойлаймын. Елбасының аймақтарда 100 спорттық-сауықтыру орталы­ғын ашу туралы тапсырмасына сәй­кес, облыста 13 спорттық-са­уық­­тыру орталығы пайдалануға берілді. Тағы бесеуі жақында іске қосылады. Олардың біреуішал­ғай­дағы Балқаш өңірінде. Қазірдің өзінде пайдалануға дайын. Бұл ретте біз спорт ғимараттарын, ма­териал­дық-техникалық базаны реттеуге ерекше назар аударамыз. Мұның бәрі бұқаралық спортты дамытуға және жаңа таланттарды анықтауға ықпал етіп, нәтиже беруде, – деді облыс әкімі Амандық Баталов.

 

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Egemen Qazaqstan»