Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло Toyota Camry 75 автокөлігінің кілтін алды, ал олардың жеке жаттықтырушыларын Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков ақшалай сыйлықтармен қуантты.
Қымбатты Игорь мен Зульфия! Біз сіздермен мақтанамыз. Олимпиада ойындарына қатысу - әрбір спортшы мен жаттықтырушының мақсаты, ал Олимпиада медалі - арман, спорттық жетістіктердің шыңы. Сіздің жеңістеріңіз қазақстандықтарды, бәрімізді қуантты, бұл жетістік мыңдаған балаларды өз мақсаттарына жетуге және жеңімпаз болуға шабыттандырады. Біз тарих бетін бұрдық, жаттығу үдерісін жаңаша құра алдық және бұл «таза» жеңістер бәріміз үшін алтын салмаққа ие! Спортшыларымыздың, жаттықтырушылардың атынан Федерация атынан Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Олимпиада комитетіне, облыс әкімдіктеріне, демеушілерге ауыр атлетиканы дамытуға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысымды білдіремін. Алға, Қазақстан! - деді Ж.Түсіпбеков құттықтау сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, Игорь Сон 61 келіде, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта қола медальді қанжығалаған болатын.