Медицина • 20 Тамыз, 2021

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен фармацевтикалық өнеркәсіп ашады

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Өзбекстанның аумағында фармацевтикалық өнеркәсіп ашу мәселесі күн тәртібінде. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен фармацевтикалық өнеркәсіп ашады

«Коронавируспен күресте Өзбекстан мен Қазақстанның өзара байланысына ерекше тоқталғым келеді. Екі елдің Денсаулық сақтау министрлігі індетті жеңу жолында өзара тәжірибе алмасуда. ҚР Денсаулық сақтау министрі Өзбекстанға барып, елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға қатысты екіжақты кеңес өткізді. Одан бөлек, пандемия өршіп тұрған сәтте, бауырлас қазақ елі өзбек бауырына гуманитарлық көмек көрсетті. Сәйкесінше біздің ел де COVID-19-бен күресте Қазақстанға қол ұшын созды. Бүгінде екі ел арасында аталған бағытта өзара тәжірибе алмасу жалғасып келеді. Соның бірі қазіргі таңда Өзбекстан мен Қазақстан аумағында фармацевтикалық кәсіпорын ашу мәселесі қаралып жатыр», деді Саидикрам Ниязходжаев елордадағы Өзбекстан елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Елшінің айтуынша, аталған мәселе бүгінде екіжақты талқыға салынды.