Спорт • 21 Тамыз, 2021

Нулифар Раимова әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күрес түрлерінен Уфада өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті, деп хабарлайды  Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Нулифар Раимова әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды. Ол финалда италиялық Аврора Руссмен кездесіп, 8:6 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, кездесу барысында Нилуфар жеңіліп жатқан болатын. Алайда, жеңіске деген жігерінің арқасында әлемдік сынның чемпионы атанып отыр.