Қазақстан • 24 Тамыз, 2021

Резиденцияда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақорда» резиденциясы ғимаратының шатыры жоспарлы жөндеуден өтіп жатыр. Жұмыстар мамыр айында басталса, қыркүйекте аяқталады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі.

Резиденцияда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Жаз бойы тарихи ғимараттың эсте­ти­калық келбетін бұзбау үшін нысан­ның сыртына құрылыс саты­лары орнатылмай, оның орнына неғұрлым жұмсақ технология таңдалды.

Жұмысшылар мен қажетті материалдарды шатырға кедергісіз кө­теру үшін, жағалау жағындағы қа­быр­ғаның декоративті ернеуі алынып, құрылыс платформасы орнатылды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң декоративті элемент өз орнына қай­та бекітіледі. Қазір ернеу сақтау қой­масында тұр.

«Ақорда» резиденциясы 17 жыл бұрын салынған. Оның ресми ашылуы 2004 жылдың 24 желтоқсанында өтті. Биыл алғаш рет бірегей ғимараттың шатырына жөндеу жұмыстары жүр­гі­зілуде. 

Президент резиденциясына, сондай-ақ, Үкімет үйі, Министрліктер үйі, Қаржы министрлігінің ғимараты тәріз­ді ең ірі әкімшілік кешендеріне техни­калық қызметтерді Қазақстан Респуб­ликасы ПІБ «Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимарат­тары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мем­лекеттік кәсіпорны көрсе-
теді.