![Карантин режімі жеңілдетіледі](/media/2021/08/26/crop-48_47_436x714_210825094327715e.jpg)
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантин режімін жеңілдетуге қатысты бірқатар шешімді мақұлдады. Біріншіден, 2021 жылғы 28 тамыздан бастап, Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектісіне демалыс күндері сағат 24.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына – Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцина алғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат; сенбі күні – қоғамдық көлік қызметіне рұқсат беріледі. Екіншіден, осы жылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері: Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22.00-ден 24.00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылды. Бұл ретте эпидемиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін демалыс күндеріне биылғы 4 қыркүйектен бастап, ал жұмыс күндеріне биылғы 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарла-
нуда.
Сондай-ақ ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары осы жылғы тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмаларды берді: медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакциналауды аяқтау; санитарлық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету; педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында Ashyq жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
ВАК отырысында Премьер-Министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.