Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде 26 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығының 30 жылдығына орай «Қазақстанның әлемдік экологияға қосқан тарихи үлесі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шара онлайн форматта өткізіліп, бейнеконференция байланысы арқылы Нұр-Сұлтан, Семей, Курчатов және Алматы қалаларынан қатысушылар қосылды. Сондай-ақ шараға мемлекеттік архивтердің қызметкерлері, ғалымдар, жоғарғы оқу орнының студенттері мен оқытушылары қатысты.
Басқосудың мақсаты мен тақырыбына тоқталған Президент Архивінің директоры Жәмилә Әбдіқадырова өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Семей ядролық сынақ полигонын жабуда, жалпы ядролық қарусыздану мәселесіндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін ерекше көрсеткенін атап өтті.
Президент Архивінде Семей ядролық сынақ полигонына қатысты құжаттар, Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпауға қосқан үлесі туралы материалдардың мол қоры сақталған.
1949 жылдың 29 тамызында бұрынғы Семей облысының аумағында қуаттылығы 30 килотонна болатын бірінші жарылыс жасалды. Ал 1951 жылы уран бомбасы, 1953 жылы сутек бомбасы сыналды. Полигон Семей облысымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының едәуір аумағын қамтыды. Семей сынақ полигонында 1961–1962 жылдары әуеде және жер үстінде 50-ге жуық ядролық бомба сыналды. 1963 жылдан бастап халықаралық келісім бойынша жарылыстар тек жер астында жүргізіле бастады. 1963–1988 жылдары жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс жасалды. Осы жарылыстардың әсерінен радиоактивті шөгінділер жарылыс болған эпицентрден бұлттар мен жел арқылы таралды.
Семей ядролық сынақ полигонының орталығы Курчатов қаласында орналасты. Аса құпия орталық болып саналғандықтан оның аты жиі өзгеріп отырған. 1974 жылы «Курчатов» болып өзгертілді, онда И.В. Курчатов, Ю.Б. Харитон, К.И. Щелкин, Я.Б. Зельдович, А.Ф. Иоффе, А.Д. Сахаров және тағы басқа ғалымдар жұмыс жасады. Қазір Курчатов қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы орналасқан. Орталықта атом энергетикасын дамыту бағдарламасын қолдаудағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жасалады. Мұндағы жұмыс туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры Айдарханов Асан Оралханұлы өз баяндамасында кеңінен тоқталды.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу мақсатында құрылған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов басқарды. 1989 жылдың қарашасында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Үкіметі мен Жоғарғы Кеңесіне полигондарда ядролық сынақтарды шұғыл арада тоқтату туралы үндеу жолдады.
«Невада-Семей» халықаралық қозғалысының төрағасы О.Сүлейменовтің атынан аталған қозғалыстың ардагері, ұзақ жылдар ғылыми хатшысы болған Людмила Прус сөз сөйледі. Осы бір мерейтой қарсаңында Олжас Сүлейменов Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, шетелдерде өтіп жатқан мерейтойлық шараларға белсене қатысып, ғалымдармен, экологтар, қоғам қайраткерлері және жастармен кездесулерде ядролық қаруға қарсы қозғалыстың өзекті мәселелері туралы сұхбаттасып жүргенін жеткізді.
Ядролық қаруды толықтай жабуға Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда қол қойған «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы негіз болды: «Қазақ КСР-інің территориясындағы Семей облысында 1949 жылдан бері ядролық қару сынау жүзеге асырылып келеді. Осы уақыттың ішінде онда 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалып, оның өзі мыңдаған адамдардың денсаулығы мен өміріне нұқсан келтірді.
ҚазКСР КСРО мен АҚШ арасындағы стратегиялық әскери тепе-теңдікті қамтамасыз еткен ядролық потенциалды жасау жөніндегі өз борышын орындағанын ескеріп және республика жұртшылығының талаптарына құлақ асып, қаулы етемін:
- Семей ядролық сынақ полигоны жабылсын.
- ҚазССР Министрлер Кабинеті КСРО Қорғаныс министрлігі мен КСРО Атом энергетикасы және атом өнеркәсібі министірлігімен келісе отырып, Семей сынақ полигонын одақтық республикалық ғылыми-зеттеу орталығы етіп қайта құрсын. 1991 жылы оның статусын және ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарының тізбесін әзірлеп бекітсін».
1995 жылдың сәуірінде Қазақстаннан соңғы ядролық ракета шығарылып, соңғы ядролық қуат жойылды.
Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының директоры Талғат Молдағалиев Семей полигоны жабылғаннан кейін оның салдарын, оның ішінде медициналық салдарын жою мақсатында 1992 жылы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» N 1787-ХІІ Заңы қабылданғанын атап өтті. Аталған Заңды жүзеге асыру аясында жергілікті халыққа кеңес беру-диагностикалық және стационарлық түрдегі арнайы медициналық көмек көрсетіледі.
Дөнгелек үстел қатысушысы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру ортылығының Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Лаура Қадырова архив қорларында жинақталған Семей ядролық полигоны бойынша тақырыптық топтамалар туралы айтып берді. Архив құжаттары көптеген мақалалар мен деректі фильмдердің негізіне айналғанына назар аударды.
2011 жылы ҚР Президенті Архиві Семей ядролық сынақ полигонының тарихына қатысты архивтік құжаттар негізінде «Казахстан за безъядерный мир» атты құжаттар жинағын жарыққа шығарған.
Шара барысында архив құжаттары негізінде дайындалған «Қазақстанның әлемдік экологияға қосқан тарихи үлесі» тарихи-құжаттық көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге Архив қорынан Семей полигонына қатысты түрлі құжаттар мен фотосуреттер қойылды.
Көрменің электрондық нұсқасымен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің сайтында танысуға болады.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар