Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Швейцария Федералды Жиналысы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Андреас Эби бастаған делегация өкілдерін қабылдады, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.

Палата Спикері Швейцария Федералды Жиналысы Ұлттық Кеңесі Төрағасының Қазақстанға тұңғыш рет жасап отырған ресми сапарына ерекше назар аударып, аталған сапардың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық және Швейцария Конфедерациясы құрылғанының 730 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген тарихи маңыздылығына баса назар аударды.
Одан әрі тараптар екі ел арасындағы, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Швейцария біздің еліміздің Еуропадағы маңызды саяси және сауда-экономикалық әріптесі саналады. Өзара қарым-қатынас орнаған 29 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан мен Берн арасында барлық сала бойынша ықпалдастық табысты дамып келеді. Осы ретте Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығының берік негізін қалап, елдеріміз арасындағы әріптестікті дамытуға зор көңіл бөлгенін алға тарта келіп, Мәжіліс Спикері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған мемлекетпен екіжақты байланысты одан әрі тереңдетуге зор көңіл бөлетінін атап өтті.
Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Мемлекет басшысының саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалары турасында кеңінен әңгімеледі.
Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Швейцария Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі. Бұл ел біздің экономикамызға 30 млрд долларға жуық инвестиция салды. Швейцариялық капиталдың қатысуымен Қазақстанда 400-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Нұрлан Нығматулин Қазақстан саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айта келіп, осы жолда барлық салада, соның ішінде заңнамалық органдар арасындағы серіктестіктің маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде Андреас Эби Қазақстан ауқымды жері бар әлемдегі ірі мемлекеттің бірі екеніне тоқталып, біздің еліміздің экономикалық дамуы қарқынды, модернизациялық жетістіктері жоғары, демократиялық ұстанымдары берік екенін айтты.
Кездесуде тараптар қос мемлекеттің тарихи, мәдени ұқсас байланыстары тереңде екенін алға тарта келіп, елдеріміз арасындағы байланысты барлық салада одан әрі табысты дамытудың мүмкіндіктері зор екенін атап өтті.
Павлодарда есірткі саудалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өткен тәулікте елімізде 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:06
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 09:55
Ташкентте қазақстандық университеттердің филиалы ашылады
Қазақстан • Бүгін, 09:51
Коронавирус жұқтырған 10 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:42
Қазақстандық фильм Лос-Анджелесте өткен фестивальде жүлделі болды
Өнер • Бүгін, 09:27
Brent маркалы мұнай бағасы өсті
Экономика • Бүгін, 09:19
Лай көшкіні балдырған қыздың өмірін қиып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Аймақтар • Бүгін, 09:15
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
Футбол • Бүгін, 09:13
Нибали үздіктер қатарынан көрінді
Спорт • Бүгін, 09:10
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Турнирдің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:07
Хоккей • Бүгін, 09:05
«Астана опера» – әлем назарында
Театр • Бүгін, 09:00
Ербол Шаймерденов атындағы шәкіртақы берілді
Білім • Бүгін, 08:57
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қазақстан • Бүгін, 08:52
Білім • Бүгін, 08:50
Ғалымдар мұғалімдерге кеңес берді
Ғылым • Бүгін, 08:48
Семіздіктің бала болашағына зардабы көп
Қоғам • Бүгін, 08:45
Медицина • Бүгін, 08:43
Неонаталды хирургия: Ұлт мүддесі – ұрпақ саулығы
Медицина • Бүгін, 08:39
Ел дамуының болашағына арналды
Қазақстан • Бүгін, 08:36
Азаматтар құқықтарын қорғау күшейтіледі
Қазақстан • Бүгін, 08:33
БҰҰ өкілімен алдағы референдумды талқылады
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Түзетулерді қарапайым тілмен жеткізу қажет
Референдум-2022 • Бүгін, 08:27
Көрші елдермен тату болу маңызды
Пікір • Бүгін, 08:24
Пікір • Бүгін, 08:20
Ауғанстандағы тұрақсыздық алаңдатады
Пікір • Бүгін, 08:15
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Ұқсас жаңалықтар