«Қауіпсіз орындарға 3000-ға жуық адам тасымалданды. Ауданға апаратын автожолдар жабық күйінде қалады, тек арнайы қызметтердің автокөліктері ғана кіре алады. Оқиға орнында арнайы жедел әрекет ету тобы, саперлер және іздеу иттері бар кинологтар жұмыс істейді. Өнеркәсіп, сауда және тұрғын үй нысандары тексерілуде», деп түсіндірді ведомствода.
Жағдай ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауында.