Аймақтар • 28 Тамыз, 2021

Жамбыл облысы тұрғынынан 1 тоннаға жуық есірткі табылды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының полицейлері жергілікті тұрғыннан 1 тоннаға жуық есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы тұрғынынан 1 тоннаға жуық есірткі табылды

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері «Қарасора-2021» республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Байзақ ауданының 49 жастағы тұрғынын ұстады.

Шу ауданының Тасөткел ауылынан 3 шақырым жердегі құмға жақын маңдағы аймақты тексеру барысында есірткі заттарын дайындаумен айналысқан азаматтан жалпы салмағы 928 келі «каннабис өсімдігі» есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған азаматты жеке тінту кезінде жалпы салмағы 0,320 гр «каннабис шайыры» есірткі заты табылды. Ұсталған азамат кінәсін толықтай мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша қылмыскердің мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

«Жыл басынан бері полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының аумағында 2 тонна 23 келі көлемінде түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасатын болады», дейді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бастығының міндетін атқарушы Бегман Құтмырзаев.