Жалпыұлттық аза тұту күніне орай кеше еліміздің барлық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды. Бас мүфти бастамасы негізінде жүзеге асқан игі іске еліміздің барлық өңіріндегі құлшылық ордалары бірыңғай үн қосып, жергілікті уақыт есебімен сағат 10.00-де бір мезетте Құран оқылып, қазаға ұшыраған марқұмдардың рухына бағышталды.
Еліміздің бас мешіті – «Әзірет Сұлтанда» өткен сауапты шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар арнайы қатысып, Құран хатым дұғасын жасады. Қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, жарылыстан зардап шеккен жамбылдық жерлестерімізге сабыр мен шыдам, жеңілдік сұрап бата қайырды.
Айта кетейік, бірнеше жанның өмірін жалмап, айналасын отқа ораған қайғылы оқиға орнына қазіргі уақытта еліміздегі барлық өкілдіктің ұйымдастыруымен гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.
Сеулде соңғы 100 жылдағы ең қалың қар жауды
Әлем • Бүгін, 11:17
Қырғызстанда мектеп оқушылары тәттіден уланып қалған
Әлем • Бүгін, 11:01
Еуропалық парламент Еуропалық Комиссияның жаңа құрамын бекітті
Әлем • Бүгін, 10:50
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары күшейтілді
Қоғам • Бүгін, 10:44
Димаш Құдайберген «Diafa» жүлдесінің лауреаты атанды
Мәдениет • Бүгін, 10:06
Пікір • Бүгін, 09:55