Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021

Заңсыз ауланған балықтың жарты тоннасы тәркіленді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО полицейлері заңсыз ауланған балықтың жарты тоннасын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заңсыз ауланған балықтың жарты тоннасы тәркіленді

Тамыз айының соңында БҚО полиция қызметкерлері Ақжайық ауданының 29 жастағы тұрғынын ұстап, оның Volkswagen Sharan көлігін тінту кезінде салоннан салмағы 500 кг болатын балық табылған.

Автокөлік арнайы тұраққа жіберілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.