«Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.Үкіметтен жыл соңына дейін тиісті ұсыныстар топтамасын әзірлеуді сұраймын. Қазақстан орнықты урбанизация үрдісімен келе жатыр. Тұрғын саны миллионнан асатын қалалар еліміздің жаһандық бәсекелік қабілетінің тірегі, ал облыс орталықтары өз өңірлері өсімінің өзегі болуға тиіс. Сондықтан, агломерацияны дамыту туралы заң мен қалалардың кешенді құрылысының жаңа стандартын әзірлеу керек», деді Президент.