Әлем • 02 Қыркүйек, 2021

Испанияда алапат су тасқыны болды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испаниядағы Каталония автономды қоғамдастығында дауыл соғып, су тасқыны болды. Табиғи апаттан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Испанияда алапат су тасқыны болды

The Washington Post жазуынша, қатты жаңбыр түнде басталып, Алканар қаласында түскі уақытқа дейін жалғасқан. Лай су ағыны далада тұрған жиһаздар мен көліктерді Жерорта теңізіне ағызып әкеткен. Төтенше жағдайлар қызметі көліктер мен жағалаудағы үйлерде қалған ондаған адамды құтқарды. Кем дегенде 10 мың тұрғын жарықсыз қалды. Жолдар жабылып, пойыз қозғалысы үзілді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Каталония метеорологиялық қызметінің мәліметінше, жауын-шашын кезінде бір шаршы метрге 215 литрден астам су түскен.

Жергілікті билік тұрғындарды үйде болуға шақырды, өйткені ауа райы әлі де тұрақсыз. Тағы да су тасқыны болуы мүмкін.

Жауын-шашын салдарынан елдің орталық бөлігіне де қауіп төніп тұр. Мадридте және басқа аудандарда қалыптан тыс құбылыстар тіркелді. Тоғыз мыңнан астам найзағай жарқылы тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50