Қоғам • 02 Қыркүйек, 2021

Тұрғын үй алу жеңілдейді

1215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Отбасы банк» баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін бастапқы жарна мөлшерін тұрғын үй құнының 10%-на дейін төмендетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғын үй алу жеңілдейді

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

«Үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы банкінің» ипотекалық бағдарламалары бойынша бастапқы жарна мөлшері баспана құнының 10%-на дейін төмендетіледі. Жеңілдікпен несиелендіру бойынша мөлшерлеме отбасы табысына байланысты жылдық 2% және 5% болады», деді министр.

Министрдің айтуынша, баспана жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалану туралы ережелерге де өзгерістер енгізілмек.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Жолдауында қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін жеткілікті шегінен жоғары мөлшерде «Отбасы банк» есепшотына аударуға рұқсат етілетінін айтты.

«Мен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану бастамасының оң динамикасы туралы айттым. Осы үрдісті қолдау үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы банк» есепшотына жеткілікті шегінен көп мөлшерде аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын», деді Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025