Технология • 02 Қыркүйек, 2021

Astana Hub шетелдік нарыққа 90 IT-компания шығаруды жоспарлап отыр

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IT қызметтерін экспорттау бағдарламасы Солтүстік Америка, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына бағытталады, деп жазады Egemen.kz.

Astana Hub шетелдік нарыққа 90 IT-компания шығаруды жоспарлап отыр

Экспортта мол тәжірибесі бар сарапшылар Солтүстік Америка және Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу шетел және ТМД елдеріндегі нарықта жұмыс істеу бойынша нақты тәжірибелік ұсыныстармен бөліседі. Барлығы 90 қатысушы, оның ішінде үш бағыттың әрқайсысы бойынша 30 IT-компания іріктеледі.

«Бағдарлама бәсекеге қабілетті өнімді немесе қызметті құрған, шетелге шығуға бағытталған технологиялық компанияларға арналған.

Сонымен қатар шетелдік нарыққа шығуға дайын IT-компаниялар, стартаптар Astana Hub халықаралық агенттерінен бағыт-бағдар мен қолдау алады, олар: әлеуетті тапсырыс берушілер мен серіктестерді табуға, инвестициялар тарту үшін инвесторлармен кездесулер ұйымдастыруға; қалаған нарықтардағы жұмыстың заңды қыр-сырын түсінуге; халықаралық IT-форумдар мен көрмелерге қатысуға көмектеседі», делінген Astana Hub таратқан мәлімдемеде.

Қазақстандық стартаптар шетелдік инвесторлар үшін қызықты өріс болып табылады. Отандық компаниялар Tuz Ventures және Quest Ventures (Сингапур), Sturgeon Capital (Ұлыбритания) және 500 Startups халықаралық қоры сияқты индустрия алыптарынан қаржыландыру тартты. Astana Hub стартаптарымен тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 2018 жылдан бастап 48,4 млрд теңгені құрайды.