Судан маржан сүзетін балықшылар Каспий теңізінен де балық аулайды. Бірақ облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының мәліметінше, Каспий теңізінің қазақстандық секторында балық аулау үшін арнайы торлар көбірек қолданылатыны анықталып отыр.

Бұл жыл сайын су астындағы тіршілік иелеріне, әсіресе ерекше қорғалатын бекіре балықтары мен итбалықтардың көбеюіне кері әсерін тигізеді. Енді балық шаруашылығы комитетінің бұйрығымен теңізде осындай торларды құруға 17 тамыздан бастап тыйым салынды.
– Атырау облысының акваториясында су кеңістігін пайдаланудың ережесі бар. Бұл – Жайық өзенінің сағасынан солға және оңға 50 шақырым қашықта, 3 метр тереңдікке дейін. Алайда дәл осы талап толық сақталмайды. Жанар-жағармай мен уақытты үнемдеу үшін немесе тиісті материалдық-техникалық базаның жоқтығынан балықшылар ережеде көрсетілгендей, Жайық өзенінің сағасынан 50 шақырым қашықта жүрмейді. Олар тікелей тыйым салынған аймақта торлы ау құрады. Нәтижесінде, уылдырық шашуға немесе қыстау үшін өзенге кіретін су маржандары торға түсіп жатады. Міне, осының салдарынан соңғы жылдары Жайық өзеніне қоныс аударатын жартылай өтпелі балық саны айтарлықтай азайып отыр, – дейді Артур Сәдібек-
ұлы.
Бұл – бір. Екіншіден, Жайық өзенінің теңізге құяр сағасы бітеліп қалған. Осыған орай облыстық балық шаруашылығы басқармасының ұйытқы болуымен арнайы топ құрылып, өзен сағасында өлшеу жұмыстары жүргізілді. Мақсат – өзеннің теңізге құяр сағасындағы су тереңдігін анықтау. Өлшеу жұмыстарын жүргізген топ мүшелері Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы өте тайыз деген қорытынды жасады.
Нақтылай айтқанда, судың тереңдігі Жайық өзенінен 1 шақырым қашықтықта – 1,10, 800 метр жерде – 0,75, ал 500 метр тұста – 0,71, сондай-ақ 300 метр аумақта – 0,83, теңізге құяр сағасында 0,43 метрді құрады.
– Бұл – өте төмен деңгей. Оның үстіне, бірнеше күннен бері теңіз жақтан жел соғып тұр. Демек, теңіз суы өзенге келіп жатыр. Соның өзінде өзеннің теңізге құяр сағасы бітеліп қалған. Ал теңіз суы кері қайтқанда не болмақ? Сондықтан тез арада теңіз түбін қазу қажет. Теңіздің өзенге құяр сағасы тереңдетілмесе, балықтар да, кемелер де тайыз судан өте алмайды. Мұның кесірі су астындағы тіршілікке де, балық кәсіпшілігіне де кері әсерін тигізеді, – дейді Артур Сәдібекұлы.
Ал облыстық экология департаменті Атырау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасының 29, 34-тармақтарын орындау мақсатында Жайық өзенін браконьерлік аудан тазартуды бастады. Осылайша, жол картасының 29-тармағында көрсетілгендей, Жайық өзенінің жағасында жұмыс істеп тұрған химиялық қоймалар мен басқа да ластаушыларды анықтау, түгендеу, іздестіру, жою жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ 34-тармаққа сәйкес, өзеннің арнасын, сағаларын браконьерлік балық аулау құралдарынан тазарту көзделді. Іс-шара кезінде өзеннен браконьерлер құрған 12 аулау құралы шығарылды. Ауға шырматылған тірі балықтар өзенге кері жіберілді. Ал өлген балықтар мен иесіз ау құралдары жинап алынды.
Атырау облысы
Референдум-2022 • Бүгін, 22:51
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Бүгін, 22:49
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Бүгін, 22:45
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Бүгін, 22:44
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 22:40
Экономика • Бүгін, 22:39
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Бүгін, 22:38
Референдум-2022 • Бүгін, 22:37
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Бүгін, 22:36
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Бүгін, 22:34
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Бүгін, 22:33
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Бүгін, 22:32
Медицина • Бүгін, 22:29
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Бүгін, 22:28
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Бүгін, 22:26
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 22:25
Аймақтар • Бүгін, 22:22
Аймақтар • Бүгін, 22:21
Өнер • Бүгін, 22:20
Өнер • Бүгін, 22:17
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Бүгін, 22:14
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Бүгін, 22:12
Аймақтар • Бүгін, 22:11
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Бүгін, 22:02
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Бүгін, 21:48
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Бүгін, 21:30
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Бүгін, 21:24
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Бүгін, 21:03
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Бүгін, 20:45
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:23
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Бүгін, 20:00
Жайна Шекербекова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бокс • Бүгін, 19:47
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Бүгін, 19:30
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Бүгін, 19:12
Елордада іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел өткізді
Елорда • Бүгін, 18:58
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына өтті
Бокс • Бүгін, 18:43
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Бүгін, 18:25
Шетелдік мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға қанша қаржы бөлінді
Қоғам • Бүгін, 18:16
Тыйым салынған діни кітаптарды таратқан әйел жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 18:00
БҰҰ Қазақстанның экология саласындағы бастамаларына қолдау жасайды
Экология • Бүгін, 17:52
Ұқсас жаңалықтар