Саясат • 06 Қыркүйек, 2021

Күн тәртібі нақтыланды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Күн тәртібі нақтыланды

Бюро отырысында депутаттар қарауына Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жө­ніндегі негіздемелік конвенцияға қор­шаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жаса­латын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсы­нылды.

Хаттама теңіз ортасы мен теңіздің жа­қын­дығы әсеріне ұшырап отырған құрлық­тың ластануын болдырмау, теңіздің жақын­дығы әсеріне ұшырап отырған құрлыққа елеулі трансшекаралық әсер етуі мүмкін жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың тиімді және ашық рәсімдерін жүргізуді көздейді.

Күн тәртібінің жобасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржы­лан­дыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алу қарастырылған. Сонымен қатар Палатаның бейінді коми­теттері бірқатар жаңа ратификацияланатын заң жобаларын жұмысқа алмақ. Атап айтқанда, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы және Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары
бар.