Тағайындау • 06 Қыркүйек, 2021

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

1707 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марат Құсайынов Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Рахымұлы Құсайынов ҚР Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды.

Марат Құсайынов 1967 жылы 20 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы, лицензиялары:

  • Челябі жоғары танк командалық училищесі (1988);
  • Броньды танк әскерлерінің Әскери академиясы (1997);
  • Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас Штабының Әскери академиясы, алтын медальмен (2010)

Еңбек өтілі:

  • Танк дивизиясы танк полкінің танк ротасының командирі (01.1993-06.1993);
  • Танк дивизиясы танк полкінің оқу танк батальонының командирі (06.1993-07.1994);
  • Штаб бастығы - мотоатқыштар бригадасы командирінің орынбасары (07.1997-12.2000);
  • ҚР ҚМ Әскери-ғылыми орталығы әскери-арнайы зерттеулер басқармасының бастығы (12.2000-07.2002);
  • Мотоатқыштар бригадасының командирі (07.2002-12.2003);
  • Штаб бастығы - мотоатқыштар бригадасы командирінің орынбасары (12.2003-11.2004);
  • Жағалау қорғанысы бригадасының командирі (11.2004-02.2005);
  • Механикаландырылған бригаданың техника мен қару-жарақты сақтау бөлімінің бастығы (02.2005-03.2006);
  • Штаб бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабы жедел басқармасының бастығы (03.2006-08.2008);
  • Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабының бастығы (07.2010-07.2013);
  • Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабының бастығы (07.2013-01.2014);
  • Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабының бастығы (01.2014-06.2016);
  • «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (06.2016-05.2019);
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы (05.2019-11.2020);
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары(11.2020 бастап)