Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2021

Шығыс қазақстандықтар дабыл қағуда

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыстағы Күршім ауданының халқы дабыл қағып отыр. Осы аудандағы бірнеше елді мекенді жарып ағатын Қалжыр өзені соңғы бірнеше күнде түсініксіз түске боялған, деп жазады Egemen.kz.

Шығыс қазақстандықтар дабыл қағуда

Судың лайланғанын байқаған тұрғындар видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялап жатыр. Өзін Боран ауылының тұрғынымын деп таныстырған видео авторы өзен өткен жексенбіден бастап лайлана бастағанын айтады.

Ал кешелі бері түсі өзгеріп, ерекше қоюланып кеткен. Ал Қалжырды жағалай қоныстанған 10 шақты елді мекен осы өзеннен егіні мен малын суарып отыр. Халықтың айтуынша, қазір судың лайланғаны соншалық мал ішпей қалған. Бірнеше құзырлы органнан құрылған комиссия өзеннен сынама алып арнайы зертханаға тексеруге жіберілгенін хабарлады. Күршім ауданы тұрғындары өзенді осы өңірдегі алтын шаятын компаниялар былғап жатыр деген болжам айтады.