28 Қаңтар, 2014

Міндетін атқарушылар көбеймесе, азаяр емес

310 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Газетіміздің өткен жылғы 28 қараша күнгі 263-нөмірінде «Басшы­­­­лар емес, кілең міндетін атқарушылар» деп облыс­тағы Ертіс ауданынан мақала жазған болатынбыз. Мақалада аудандық әкімдіктен бастап, бөлімдерінде басшылары жоқ, аудандық білім бөлімінің басшысы Майя Багиенова, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Дүйсем­бина, аудандық мәдениет үйінің директоры Эльмира Аймұханова, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Төлеш Бекпауов, Ішкі істер бөлімінің басшысы Серік Үсеновтер түгелімен міндетін атқарып жүргендері айтылды.

Сөйтсек, қызық болғанда, әлі күнге дейін Ертіс ауданында «міндетін атқарып жүргендер» қатары көбеймесе, азаймапты да. Ал, біз барғанда ел газетінен хабары жоқ, бір-екі ауыз қазақ тілінде әзер сөйлеп тұрған аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүрген Дидар Қалижанова сіңліміз әйтеуір, міндетін атқарып жүрген күйі орнынан кетіпті. Сонда аудан әкімі Нығман Пішенбаев ешқандай тәжірибесі жоқ жап-жас қызды аудан әкімінің әлеуметтік салалар жөніндегі орынбасары етіп қалай тағайындамақ болды екен? Енді Дидар сіңліміздің орнына әкімнің орынбасары міндетін атқаруға әкімнің кеңесшісі қызметін атқарған Нұржан Қалиев келіп­ті. Оған қоса құрылыс, сәулет бөлімі­нің басшысы лауазымының міндетін атқарушы, жер қатынастары бөлімінің бастығы да орнынан кетіп, ол орындарға да міндетін атқарушылар келсе керек. Ертіс ауылындағы №2 қазақ мектебінің директоры зейнеткерлікке кеткен соң, директордың міндетін Маржан Көшер­баева атқарып жүр. Енді не істеу керек? Жұмыс бастан асады. Елбасы Жол­да­уындағы міндеттерді кім орындайды? Мамандар әкімге жағу, ұнау үшін емес, ел үшін еңбек етеді. Ауданда білім­ді, білікті мамандар жоқ деп осылай отыра береміз бе? Онда пәтерлерін, жеңіл­діктерін беріп, жас мамандарды шақы­райық. Қолда бардың қадірін білген дұ­рыс. Міндетін атқарып жүрген маман­дар­дың бәрі де туған ауылдары мен ауданда қызмет жасағысы келіп, оқу бітірген соң, ауылдарына оралғандарын да ескерейік.

Облысқа жаңадан келген басшы Қанат Бозымбаев қазір аудан, ауылдар­ды аралап, ел ішімен танысып жүр. Ал, Ертіс ауданында су, жол мәселесі өте қиын. Пошта бөлімшелері жабылу­да. Тұрғындар болса, жүйелі, нақты жұмысты күтіп отыр. Сондықтан әлі күнге дейін айлап міндетін атқарып жүрген бөлім басшыларын Ертіс ауданына барған сапары кезінде облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың өзі тағайындап кетпесе, басшының міндетін атқарушылардың азаяр түрі көрінбейтіндей.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы,

Ертіс ауданы.

Соңғы жаңалықтар