ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Әр түрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауды оңтайландыру» пилоттық жобасын іске қосу туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде «Әр түрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандар қабылдауды оңтайландыру» пилоттық жобасы өткізілсін», деп жазылған бірлескен бұйрық жобасында.
Жаңа құжат бойынша емтихан тапсыру тәртібі мынадай:
- Теориялық емтихан тапсырмаған жүргізуші практикалық емтиханға жіберілмейді. Теориялық емтихан да практикалық емтихан да қайтадан тағайындалу үшін алдыңғы емтихан өткізілген күннен бір жұмыс күні өтуі керек;
- Теориялық емтихан оператордың қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ айқындайтын тәртіппен өткізіледі. Оператор емтихан тапсырушылардың белгіленген талаптарды сақтауын бақылауы тиіс;
- Теориялық емтиханды тапсыру үшін емтихан күнінен кемінде бір күн бұрын (жұмыс күні) «электрондық үкімет» порталы арқылы, порталдың интеграциялық сервистері арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы өтініш бере алады;
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде емтихан тапсырушы жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынады;
- Оператор жеке басты куәландыратын құжатты не электрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстырып тексереді;
- «Емтихан тапсырушының» жеке кабинетінде немесе порталдың тиісті интеграциялық сервисінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;
- Емтихан алушы практикалық емтихан тапсыру үшін теориялық тестілеу күнінен кемінде бір күн (жұмыс күні) бұрын емтихан тапсыру орнын, күні мен уақытын өзі таңдайды;
- Тестілеуге өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты не электрондық құжаты бар жүргізушілікке үміткер жіберіледі. Емтихан алушының жеке басын сәйкестендіру емтихан алушының биометриялық деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыру арқылы жүргізіледі;
- Тестілеу басталғанға дейін оператор емтихан алушы үшін нұсқама өткізеді және туындаған сұрақтарға жауап береді;
- Егер емтихан алушы теориялық емтихан тапсырар алдында өзін нашар сезінсе, операторға хабарлауы тиіс. Бұл жағдайда мұндай емтихан алушыдан емтихан қабылдау осы күнгі басқа уақытта немесе кестеге сәйкес басқа күні жүргізіледі;
- Емтихан тестінде 40 сұрақ бар. Әр сұраққа бірнеше жауап беріледі, солардың ішінен дұрысын таңдауы керек. Емтихан алушының қалауы бойынша теориялық емтиханды қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тапсыруға жол беріледі;
- Емтихан тапсырушының басқа кандидаттармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз, электронды және басқа ақпарат құралдарында ақпаратты пайдалануға, бөлмеден шығуға болмайды;
- Емтихан алушылардың ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды алып кіруіне және кіргізуіне жол берілмейді. Мұндай құрылғылар теориялық емтиханды қабылдау кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақталады. Теориялық емтихан сәті бақылау камерасына жазылады;
- Бұл талаптар бұзылса, оператор емтихан тапсыру процесін тоқтатып, емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру ережелерін бұзу туралы акт жасайды;
- Емтихан алушының биометриялық деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыру нәтижелері бойынша сәйкессіздік анықталса, бұл адам емтиханға жіберілмейді. Ал оператор емтихан тапсырушының жеке басын сәйкестендіруден өтпегені туралы актіні мемлекеттік корпорация анықтайтын нысанда жасайды;
- Емтиханға бөлінген уақыт өткеннен кейін теориялық емтиханды тапсыру автоматты түрде тоқтатылады;
- Дұрыс жауаптарды есептеу компьютерлік тестілеу бағдарламасының көмегімен автоматты түрде жүзеге асырылады. Емтихан аяқталғаннан кейін емтихан алушы компьютер экранында көрсетілген теориялық емтиханды тапсыру нәтижелерімен танысады;
- Теориялық емтиханды тапсыру нәтижелері туралы деректер емтихан алушының порталдағы жеке кабинетіне, сондай-ақ порталдың тиісті ақпараттық жүйелері мен интеграциялық сервистеріне беріледі. Теориялық емтиханды тапсыру нәтижелері оны тапсырған күннен бастап бір жыл бойы жарамды;
- «А», «В» санаттарындағы, «А1», «В1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алуға өз бетінше даярлықтан өткен жүргізушілікке үміткерлер теориялық емтихан тапсыру кезінде практикалық емтихан тапсыру кезінде үш рет теріс баға алса, алты айдан кейін ғана қайта тапсыра алады. Практикалық емтихан тапсыру кезінде үш рет теріс баға алған жағдайда теориялық емтихан нәтижелері автоматты түрде жойылады.
Құжат жобасы 22 қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» сайтында талқыланады.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар