28 Қаңтар, 2014

Николай Азаров отставкаға кетті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 01 - Azarov

Украина премьер-министрі Николай Азаров отставкаға кетті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Елдегі жанжалдың бейбіт шешілуіне ықпал ету мақсатында президентке қызметімнен кету жөнінде өтініш жаздым», – деп мәлімдеді Николай Азаров. 

Аймақтар партиясы басшысының орынбасары Михаил Чечетов енді премьердің мәселесін шешу президенттің құзыретінде екенін мәлімдеді. «Жоғарғы Рада қазір бұл процесске ықпал ете алмайды, – дейді ол. – Премьердің отставкаға қашан кететіні және оның орнына қандай кандидатура ұсынылаты жөніндегі мәселені тек президент шешеді».

Михаил Чечетовтың айтуынша, елдегі ахуалды реттеу үшін оппозиция радикалдардан бөлінгендігін нақты көрсетуі керек. «Наразы топтың алдында радикалды бағыт ұстанған бір не екі жүз адам жүреді. Ал олардың артында мыңдаған оппозиция жақтастары бар. Біз оппозицияны өз жақтастарын бөліп алып, радикалдарды қолдамайтындығы туралы мәлімдеуге шақырып отырмыз. Жалпы, елдегі ахуалды реттеуге болатынына сенемін», – дейді депутат.   

Сондай-ақ Аймақтар партиясы жетекшілерінің бірі Анна Герман Николай Азаровтың қызметінен кетуін «көреген мемлекет қайраткерінің шешімі» деп бағалады. Оның ойынша, жаңа үкімет жастардан құрылуы керек.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Ria.ru