28 Қаңтар, 2014

Олимпиада: Қазақстан туы 4 ақпанда көтеріледі

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Olimpiada tu

4 ақпан күні Ресейдің Сочи қаласындағы олимпиялық қалашықта  Қазақстанның туын көтеру рәсімі өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Оған Қазақстанның спорт делегациясы қатысады. Осыдан кейін еліміздің олимпиялық ауылы мен баспасөз орталығы ашылады. Бұл жерде Қазақстаннан Олимпия ойындарын насихаттауға баратын журналистер Олимпиаданың тынысымен танысып, спортшылармен және жаттықтырушылармен сұхбаттасып, жер-жүзіне жарыстар туралы хабарлап отыруға мүмкіндік алады. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, Олимпиадаға арналған баспасөз орталықтары Астана мен Алматы қаласында да ашылады. Астанадағы орталық Штаттағы ұлттық командалар және спорт дирекциясында құрылса, Алматыдағы баспасөз ордасының қай жерде болатыны әлі анықталуда. Осы жерде журналистер тікелей эфирде жаңалықтармен таныса алады.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.