Дүниежүзілік рейтингте 299-орында тұрған 20 жастағы Т.Скатов жартылай финалда әлемнің 291-ракеткасы, 1993 жылғы италиялық Франко Агаменонемен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін қарсыластар екі мәрте брейк алмасты.
Содан кейін Т.Скатов өз геймін де алып, 5:3 есебімен алға кетті. Әйтсе де сетке доп бергенде, италиялық теннисші таразы басын теңестірді – 5:5. Тай-брейкте Ф.Агаменоненің жолы болды – 7:6 (7:4).
Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте италиялық спортшы брейк жасап кетті. Ақыры матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3.
Тартысты бәсеке 1 сағат 50 минутқа созылды. Италиялық теннисші финалда әлемнің 155-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, аргентиналық Себастьян Баес немесе рейтингте 347-сатыдағы түркиялық Ерги Киркиннің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.