Технология • 12 Қыркүйек, 2021

Жеке кәсіпкерлікті тіркеудің жаңа сервисі

179 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелер интеграция­сын жүргізді. Соның нәтижесінде Альфа банк платформасы арқылы жеке кәсіпкерлікті онлайн тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Атқарылған жұмыстар Шағын бизнесті тіркеу процесін жеңілдетуге бағытталған.

Жеке кәсіпкерлікті тіркеудің жаңа сервисі

«Біз азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттерді алу мүм­кін­діктерін кеңейтіп, процестерді оңай­лата отырып, оларды барынша ың­ғайлы етуге тырысамыз. Енді же­ке кәсіп­керлікті тіркеудің баламалы тә­­сіліне қолжетімділік бар. Бұл істі жаңа бастаған бизнесмендерге оңай тір­ке­лу тәсілін таңдау да өте ма­­ңыз­ды», ­деп түсіндірді «Ұлттық ақпа­­рат­тық ­технологиялар» АҚ бас­қар-­
­ма төрағасы Ростислав Коняш­кин.

Сервис маусым айында тестілік режімде іске қосыл­ды және кәсіп­керлерге жеке кәсіпкерлігін тіркеу ғана емес, сонымен қатар банкте шот­ты тегін ашуға мүм­кіндік береді, рәсім небәрі бес минутты алады, келесі күні шоттың деректемелері электронды поштаға түседі. Бүгінгі таңда көрсетілетін қызметті елімізде 100-ден астам кәсіпкер пайдаланды.

«Кез келген өнімді немесе көр-
­сетілетін қызметті іске қос­пас бұрын біз бірқатар зерттеу­лер жүргізіп, клиенттің нақты қажет­тілік­те­рін анықтаймыз. Бүгінгі таң­да кәсіп­керлер бизнестегі формаль­дылыққа көп уақытын кетіргісі келмейді, кері­сінше сатылымды арттыру үшін көп жұмыс істейді. Альфа осындай мүмкіндік ұсынады. Қызметті іске қосылған екі ай ішінде біз нарықта бұл сервистің үлкен сұранысқа ие еке­нін байқадық» деді Альфа банк­тің «жаппай бизнес» блогының бас­қарушы директоры, «Атамекен» ҰКП Төралқасының ШОБ дамыту жө­ніндегі комитетінің мүшесі Дамир Кәкиев.

Жеке кәсіпкерді онлайн тіркеу үшін Альфа офис платформасында жоғарыда айтқан қызмет түрін таңдап, телефон нөмірін және смс кодын енгізу керек, жеке куәліктің сканерленген нұсқасын қосып, ұсы­нылған нысанды толтыру және ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қою қажет.