Экология • 12 Қыркүйек, 2021

Табиғатты қорғау стандарттары талқыланады

2185 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік кәсіпорындар мен табиғат қорғау қызметі саласындағы қызметтер саласы үшін бірқатар міндетті нормалар мен талаптар әзірленуде. Биыл 1 шілдеде қабылданған жаңа Экологиялық кодекстің талап­тарына сәйкес Қазақстанда экология саласындағы ұлттық стандарттар сериясын жасау процесі басталды. Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғау және шаруашылық қызмет процесінде экологиялық жағдайды жақсарту.

Табиғатты қорғау стандарттары талқыланады

Осыған байланысты елімізде тұрақты даму бағыты ретінде экологиялық стан­дарттаудың пайда болғаны туралы айту­ға болады.

Құқық белгілейтін сипаттағы ко­декс­ке қарағанда, стандарттар­да қорш­аған ортаға техногендік және антропоген­дік әсер ету саласында кәсіпорындар мен ұйымдарға қойылатын нақты, ғылы­ми негіз­делген талаптар қамтылады. Осы шекті рұқсат етілген нормалардың бұзылуы, тиісінше, стандартқа қай­шы келеді және жалпы кәсіпорын қыз­метіне сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы әлем­нің дамыған экономикаларының қа­тарына кіру үшін барлық күш-жігерін жұмсап келеді және бұл мәселеде адам мен табиғат арасында жол берілетін шекараларды нақты белгілемей әрекет ету мүмкін емес.

Халықаралық стандарттарға сәй­кес, өндіріс пен сервистік қызмет көр­сету қоршаған ортаға кері әсерін тигіз­беуі және халықтың ден­сау­лығына, өсім­діктер мен жануарлар әлеміне қауіп төндірмеуі үшін өнім­нің, көрсетілетін қызметтердің сапасын және экологиялық қауіпсіздікті басқару өзара тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Жаңа Экология кодексін әзір­леу ке­зінде әлемдік ІЖӨ-нің шамамен 60%-ға жуық үлесі бар 40-қа жуық мем­ле­кетті біріктіретін Эко­номикалық ын­тымақтастық және даму ұйымы елде­рі­нің тәжі­ри­бесі негізге алынды. ЭЫДҰ ел­­дері экономикалық мәселелерді эко­ло­гиялық құрауыштармен бір жиын­тықта шешеді, сондықтан Қазақстан осы прог­рессивті көзқарасты толы­ғымен бөлісуге дайын.

Ұлттық стандарттау жоспарына ре­­сурс­­тарды үнемдеу, экоуыттылық, ра­дио­­активті қалдықтарды басқару сала­сын­дағы ұлттық стандарт­тар және осы­ған ұқсас халықаралық және еуро­палық стандарттардың талаптарына негіз­делген басқа да стандарттар енгізілді және практикалық әзірлеуге келіп түсті.

«Ресурс үнемдеу. Құрамында сынап бар құрылғылар мен аспаптарды қоспағанда, электр-техникалық және электрондық жабдықтардың қал­дықтарымен бүкіл өмірлік циклі кезең­дерінде жұмыс істеу. Қауіп­сіз­дік талаптары» деп атала­тын Қа­зақ­стан Республикасының стандарты электр жаб­дықтарын қауіпсіз жи­науға және кәдеге жаратуға қойы­латын талаптарды белгілейді. Кә­деге жарату барысында ол көбіне құрамында уытты заттар бар қал­дықтарға айналады, сондықтан оларды өңдеудегі басым бағыт қауіпсіз кәдеге жарату болып саналады.

Радиоактивті қалдықтардың қор­шаған ортаға зиянды әсерін болдырмау мақсатында «Битумдалған радиоактивті қалдықтар. Жалпы техникалық талаптар» және «Це­менттелген радиоактивті қалдықтар. Жалпы техникалық та­лап­тар» деп аталатын стандарттар әзір­ленуде. Мұндай қалдықтарды бақы­лаусыз жинауға болмайды, олар алу, тасымалдау және көму бойынша ерекше талаптарды қажет етеді және жаңа стандарт осы салада ерекше ба­қылауды қамтамасыз етуге арналған.

Экология кодексі аясында алғаш рет «Қалдықтар. Сипаттамалары. Экоуытты сынақтар жүргізу үшін қалдықтардың сынақ үлгілерін да­йындау» деп аталатын стандарт әзір­ленуде. Стандарт қоршаған орта үшін қалдықтардың қауіпсіздік деңгейін анықтауға және мүмкін болған жағдайда қалдықтарды ұтым­ды пайдалануға мүмкіндік бе­ре­тін экоуыттылық көрсеткішін айқын­дауға бағытталған.

Еуропалық стандарттар негі­зін­де «Қалдықтарға және қайта өң­деуге ар­налған мобильдік контей­нерлер», «Жыл­жымалы қоқыс кон­тейнерлері. 6-бөлім: Қауіпсіздік пен гигиена талаптары» деп аталатын стандарттар жасалуда. Осы стандарттар, тиісінше, қалдықтарды жи­­нақтау және сұрыптау үшін қауіпсіз орын болуға тиісті қоқыс жи­нағыштарға қойылатын талаптар­ды айқындайды, бұл қоршаған орта­ның сапасына, елді мекендердің санитарлық жай-күйіне, қала­ла­рымыз бен ауылдарымыздың эсте­тикалық тартымдылығы мен эпи­демиологиялық қауіпсіздігіне елеулі әсер етеді.

Экологиялық қауіпсіздік жө­нін­дегі стандарттарды әзір­леу тұ­рақты дамудың және қо­лай­­лы перс­пективалардың не­гіз­гі құ­рауыш­та­рының бірі. Эконо­ми­ка­лық қыз­мет контексіндегі қоршаған ортаны тиім­ді басқару қазіргі ұрпақтың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды ғана емес, сонымен бірге табиғи ре­сурстарды ұтымды пайдалануды және болашаққа сақтауды, энергия тиімділігін арттыруды және бас­қа да экологиялық қауіпсіздік эле­менттерін қамтамасыз етеді.

«ҚазСтандарт» РМК жоғарыда атал­ған стандарттарды әзірлеу жөнін­дегі уәкілетті органы барлық мүд­делі тараптарды әзірленетін құ­жат­тарды жария талқылауға қа­ты­суға шақы­рады. Сарапшылық қо­ғам­дас­тықтың, жұртшылықтың және осы тақы­рыпқа бей-жай қа­ра­майтындардың бар­лы­ғының бір­лескен күш-жігері Қазақ­станда экология менеджментінің мем­лекеттік жүйесін құру және жалпы тиім­ді экосаясатты іске асыру кезінде үздік пікір­лер мен практиканы ескеруге мүм­кіндік береді.

 

Салтанат КӘРІБЖАНОВА,

Қазақстан стандарттау

және метрология институты

стандарттау департаментінің басшысы