Қазақ киносы – қазақтың өткен ғасырдан бергі сан тарау тарихын алтын қорымызға түгел таспалап, жас ұрпақты жасампаз рухта тәрбиелеп келе жатқан ел руханиятының ең үлкен тірегі. Жалпы, кино саласы, оның түрлі тармақтары кез келген мемлекеттің идеологиялық басты құралы екені шындық. Ертеңгі ұрпақ тәрбиесі экранға тікелей байланысты. Сол ретте қазақ киносы Алаш баласы жүріп өткен өнегелі жолды келешек жас буынға түрлі жанрда оң насихаттап келеді.

Қазақ киногерлерінің кәсіби мерекесі тұсында біз осынау маңызды саланың майталмандары атқарып келе жатқан елеулі істерді санамалап өткеніміз дұрыс. Ғасырға жуық уақыт бұрын отандық фильмдеріміз өз көрермендеріне алғаш жол тарта бастады. Айталық, 1938 жылы түсірілген «Амангелді» фильмі біздің алғашқы кино өнімдеріміздің бірі. Ресейлік «Ленфильм» киностудиясы таспалаған «Амангелдінің» сценарийі өзімізде жазылса, рөлдерді отандық актерлер сомдап шыққан болатын. Жалпы, қазақ киносының тарихын бұдан да әрі бастауға болады.
Ең бір ерекше айтылуы керек жайт, 1941 жылы Алматы көркемфильмдер киностудиясы құрылып, ол білдей КСРО киносының негізгі орталығына айналды. Яғни соғыс жылдары «Мосфильм» мен «Ленфильм» Алматыда жұмыс істеді. Қазақ киносының осы ретте іргетасы мығым, үлкен мектептерді бастаушы орталықтан қанаттанғаны оның бүгінгі нық қадамдарынан айқын көрінеді.
Кешегі Шәкен Айманов, Абдолла Қарсақбаев, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықов сынды алыптар негізін қалаған отандық кино болашағы әлі де жарқын белестерді бағындыруы керек. Айталық «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Тақиялы періште» бастаған классикалық қазақ кинолары тек қана отандық кино индустрияның жетістігі мен жемісі емес, олар тұтас ұлттың әдебиеті мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін, тарихын тынбай насихаттап келе жатқан баға жетпес құнды жәдігерлер.
«Қазақфильм» – ұлттық идеологияның негізі қайнар бастауы. Онда жұмыс істеген әрбір маман мемлекеттің рухани саулығына тікелей жауапты жандар. Біз негізінен кино туралы айтқанда, актерлер мен режиссерлардың еңбегін ғана атап өтеміз де, оның сыртында тер төгіп жатқан жүздеген маманды таспадан бөлек, тарихтың да тасасында қалдырып кетеміз. Отандық кино жетістігін айтқанда жарық түсірушіден бастап, сол фильмнің шығуына шын жанашыр жандардың бәріне құрмет білдіргеніміз жөн.
Жалпы, қазақ киносы қандай дегенде әлем алдына ұлтымыз ұялмай ұсына алатын өнімдеріміз жетерлік. Оның саны да, салмағы да тәуелсіздігімізді алған кейінгі отыз жыл мұғдарында тіпті арта түсті.
Тарихи драмалармызды айтпағанда, «Тақиялы періште» бастаған кинокомедияларымыздың көшінің өзі бүгін үлкен белестерді бағындырып, көрермендердің шынайы көзайымына айналып келеді.
Деректерге сүйенсек, асыл азаттығымызға қол жеткізген күннен бері қазақ киносы 600-ден астам сапалы өнім түсіріп үлгеріпті. Оған қызмет етіп, тер төккен қайраткер өнер иелерінің еңбегі зор. Бір-екеуін атап кетер болсақ, күні кеше өмірден озып кеткен Сатыбалды Нарымбетов бар, ерекше қолтаңбаларымен танымал Ермек Тұрсынов, Рүстем Әбдіраш, Ақан Сатаевтар қазақ киносының кешегісі мен келешегін жалғап келе жатқан жасампаз да жаңашыл нағыз майталман мамандар.
Қазақ киносы тәуелсіздік алған жылдардан бастап қайта түледі. Ұлттық рухқа суарылған соны картиналар көрермендердің мол олжасына айналды. Тарихи тұлғаларымыз осы сала арқылы туған халқымен қайта қауышты. Әрине Кеңес өкіметі тұсында да қазақ халқының өткен өмірін барынша көрсеткен «Абай әні», «Шоқан Уәлиханов», «Қыз Жібек», «Сұлтан Бейбарыс», «Жамбылдың жастық шағы» сынды фильмдер түсіріліп келді. Дегенмен олардың барлығының астарында толық қамтылмаған қазақтың бай тарихы тұншығып жататын.
Ел егемендік алған соң ұлт шежіресі ұрда-жық саясаттан ада еркін жазылды. «Көшпенділер», «Біржан сал», «Құнанбай», «Қазақ хандығы», «Жау жүрек мың бала» сынды фильмдер көшпелі қазақ ұлысының бай тарихын жас ұрпаққа еркін таныстыра алды.
Экран арқылы ел мәдениеті қалыптасады.
Қазақ киносы – ұлт шежіресі.
Ұрпақ өз жадына тарих арқылы, әдебиет арқылы үңіледі. Сол кезде кино саласы бірден-бір көмекші құрал.
Сондай-ақ кино ұлт талғамайтын ауқымы әлдеқайда кең өнер саласы. Кез келген ұлтты олар жайлы түсірілген болмаса олардың өздері таспалаған туындылардан танып алуға болады.
Мемлекет ана тілін ерекше насихаттағысы келсе, бала тәрбиесімен толыққанды айналысу керек болса, шын өнерге толық қамқорлық танытамыз десек отандық кино көкжиегін кеңейту ісін кенжелетпеген жөн.
Өз тарихымызды, өткен жолымызды, асыл тегімізді, ата-бабамыз қалдырып кеткен баға жетпес бай қазынамызды көзіміздің қарашығындай сақтау – әр қазақ баласының парызы болуы керек. Бұл ретте тарих пен кино тамырласып, астасып жатқаны жөн.
Ғаламтор желісінің арзан ақпараты ұрпақ санасын қажетсіз ақпараттармен улап жатқан алмағайып кезеңде біз отандық киноға ерекше мән бергеніміз дұрыс. Тарихи санамызды оятатын салмақты да сапалы өнімдер ұлт келешегінің жарқын кепілі.
Қарышта, қазақ киносы!
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:35
Қазақстан • Бүгін, 08:33
Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді
Қоғам • Бүгін, 08:30
Электронды бақташының ерекшелігі
Аймақтар • Бүгін, 08:25
БАҚ-тан бата алған баспасөз хатшысы
Қоғам • Бүгін, 08:15
Сурдлимпиада: Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады
Спорт • Бүгін, 08:10
Президент БАҚ қызметкерлерін құттықтады
Президент • Бүгін, 08:05
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар