Теннис • 15 Қыркүйек, 2021

Зарина Диас WTA турнирінде Олимпиада чемпионымен кездеседі

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері қарт құрлықтың бірқатар қалаларында теннисшілердің аса ірі халықаралық жарыстары өтіп жатыр. Бұл бәсекелерде Қазақстанның да өкілдері өнер көрсетуде, деп жазады Egemen.kz.

Зарина Диас WTA турнирінде Олимпиада чемпионымен кездеседі

Соңғы кездері жиі сүрініп жүрген Зарина Диас Люксембургте жүлде қоры 189 708 евроны құрайтын WTA турнирінде бақ сынауда. Тұсаукесер кездесуін Словакияның сұлуы Анна Шмидловаға қарсы өткізген ол 6:0, 1:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл матч 2 сағат 11 минутқа созылды.

Екінші айналымда Диас Белинда Бенчичпен кездеседі. Қазіргі кезде әлемдік рейтингте 11-орында тұрған 24 жастағы Швейцарияның теннисшісі биыл Токиода алауы тұтанған Олимпия ойындарының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ол 2019 жылы АҚШ-тың ашық біріншілігінің жартылай финалдық межесіне дейін жетті. 

Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева Словенияның Портороже қаласындағы турнирдің алғашқы кезеңінде франциялық Жаклин Кристианды қапы қалдырды – 6:4, 6:4. Енді ол ұлыбританиялық Кэти Бултермен шеберлік байқасады.