Спорт • 16 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық балуандар Польшада сегіз жүлде алды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Закопане қаласында еркін күрестен халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарысты Қазақстанның балуандары сегіз жүлдемен қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық балуандар Польшада сегіз жүлде алды

Бәсекелер барысында қарсыластарының аяғын көктен келтірген төрт өреніміз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Атап айтсақ, Мейрамбек Қартбаев (57 кило) пен Әділ Оспанов (65 кило) финалда жарыс қожайындарын қапы қалдырды. Болат Сақаев (79 кило) швейцариялық Тангуй Дербеллайға шаң қаптырып кетсе, Азамат Дәулетбеков (86 кило) латвиялық Ивар Самусонокске сан соқтырды. Ақтық сайыста польшалық Магомедмурад Гаджиевке жол берген Талғат Сырбаз (70 кило) күміс медальді иеленсе, Нұрқожа Қайпанов (74 кило) және Олег Болтин мен Әлішер Ерғали (125 кило) қолаға қол созды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепті Қазақ елі балуандары көш бастады. Қоржынында үш алтыны бар Польша екінші орын алса, бір бас жүлдені олжалаған Ресей үшінші сатыға табан тіреді.