Ауа райы • 17 Қыркүйек, 2021

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы салқындайды. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 18-20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Солтүстік суық антициклон әсерінен елемізіде жауын-шашын тоқтап, батыста және республиканың қалған аумағында ауа температурасы төмендейді. Демалыс күндері басталғанда Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, жел күшейеді.

«Республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 градус аяз – 10-нан 1-13 градусқа дейін жылы, күндіз 13-20-дан 15-23 градусқа дейін жылы: елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер -3-тен +5 градусқа, күндіз 7-15 градусқа дейін жылы; шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18-ден 2-10 градусқа дейін, күндіз 20-28-ден 10-18 градусқа дейін жылы болады. Ал республиканың оңтүстігінде: түнде 10-20, күндіз 25-30-дан 17-25 градусқа дейін жылы», делінген хабарламада.