Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2021

Елімізде туристік аймақтардың картасы әзірленді

1163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі туристификация картасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде туристік аймақтардың картасы әзірленді

Карта республикалық және өңірлік деңгейдегі туристік аумақтарға бөлінген.

Республикалық деңгейдегі туристік аймақтар тізіміне 24 аумақ кірді, оның ішінде: Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Алакөл көлінің жағалауы, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, »Табаған» тау-шаңғы курорты, Шарын каньоны, «Тенгри» курорт қаласы, Қапшағай қаласы, «Арасан» санаторий-курорттық аймағы, Балқаш көлінің жағалауы, Каспий теңізінің жағалауы, Түркістан қаласы, Павлодар облысының Баянауыл курорттық аймағы, «Байқоңыр» туристік аймағы.

Өңірлік деңгейдегі туристік аймақтар тізіміне 54 аумақ кірді, оның ішінде: Қапшағай су қоймасы, Алматы облысының «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы облысының «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы облысының «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Шығыс Қазақстан облысының ›Рахман қайнары» санаторийі, Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасы, Жамбыл облысының «Айша бибі» кесенесі, Қарағанды облысының Қарқаралы курорттық аймағы, Қызылорда облысының Жаңақорған балшық курорттары, Маңғыстау облысының Үстірт үстірті және т. б.

Құжат «Ашық НҚА» сайтында 30 қыркүйекке дейін орналастырылған.