31 Қаңтар, 2014

Дамудың тиянақты тетігі

258 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

0111Маңғыстау облысында 20 этномәдени бірлестік бар. Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамында үнемі белсенділік танытып, түрлі шаралардың басы-қасында жүретін олар, яғни өзге ұлт өкілдері бас қосып, Жолдауға бірауыздан қолдау білдіретіндігін жеткізді.

0111

Маңғыстау облысында 20 этномәдени бірлестік бар. Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамында үнемі белсенділік танытып, түрлі шаралардың басы-қасында жүретін олар, яғни өзге ұлт өкілдері бас қосып, Жолдауға бірауыздан қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Бұл басқосуды Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы хатшылығының бас­шысы Г.Есмурзина ашып, Мемлекет басшы­сы Н.На­зар­баев­тың қазақ­стан­дықтарға жолданған кезекті Жолдауы жайлы айтып өтті.

– Елбасының әрбір жылғы жол­даулары бәрімізге жақсы таныс. Сіздердің әр уақытта жол­дау­ларды тыңдап, қолдау білді­ріп келе жатқандарыңыз бізге түр­лі деңгейдегі бұқаралық ақпа­рат құралдарынан белгілі. Он сегізінші болып жолданған биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақ­­сат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдаудың арқалап тұр­ған жүгі барынша ауыр және маңызды. Сая­си маңыздылығы, мемлекеттік дамудың тетіктерін тиянақтауы тұрғысынан алдыңғы жолдауларды мағыналық жағы­нан толықтыра түсті. Бұл Елба­сы Нұрсұлтан На­зар­баев жүр­гі­зіп отырған саясат­тың біртұтас­тығының, алып меже­лер­ді кезең-кезеңімен жүзеге асыру арқылы тәуелсіз елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатының көрінісі, – деген Гүлжан Мақ­сұт­қызы жаңа Жолдауға тоқталды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, экономика мен энергетика, әлеуметтік және ауыл ша­руа­шылығы салалары, көлік, тран­зиттік тегеурінділікті нық­тау, геология саласын дамытуды қолға алу, отансүйгіштікті дамыту бағытында айтылған тапсырмаларға жеке-жеке тоқталды. Этномәдени бірлестік өкілдері шәкіртақының, жалақының өсуіне ықылас танытумен бірге, Ақтау теңіз портының жаңғыртылуының, «Бейнеу – Жезқазған» теміржол желісі құрылысының салынуына байланысты батыс пен шы­ғыс арасындағы «алтын кө­пір­ге» айналудың аймақ үшін маңыздылығын жоғары бағалады.

Өзге деп өзекке теппей, бабасынан бастап бауырына басқан Қазақ еліне риза этномәдени бірлестіктер өкілдерінің сөзін ұсынуды жөн санадық.

 

Гиви СВАНИДЗЕ, «Сакартвело» грузин этно­мәдени бірлестігінің төрағасы:

– Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларынан ұлттық мұраттың лебі есіп тұрады. Биылғы Жолдау да өміршең идеяларға толы. Біз мұнда айтылған алып бастамаларды, тың тапсырмаларды тек бірліктің арқасында жүзеге асыра аламыз. Біз Елбасына осылай қолдау көрсетуіміз керек. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты Қазақстанды алға шығарады деп ойлаймын және Жолдауды толық қолдаймын.

 

Юсуп ШАХШАЕВ, «Да­ғыс­тан» этномәдени бірлестігінің төра­ғасы:

– Жолдауда айтылған Ақтау порты – Қазақстанның экономикасы үшін қаншалықты маңызды екені баршаға белгілі. Ал оның дамуы, тасымалданатын жүк кө­лемінің артуы Маңғыстау өңірі үшін өте-мөте тиімді. Оған Бей­неуден орталық Қазақстанға қарай салынып жатқан теміржол құрылысын қосыңыз. Мұның бәрі аймақтың өсіп-өркендеуіне бастайтын болады. Жаңа Жолдауды да қашанғы дәстүріне, сипатына сай өн бойына Қазақстанның болашақ дамуының бағыт-бағдарын жинап, тұтастырған құжат болды деп санаймын.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

Соңғы жаңалықтар