Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2021

Қазақстанға шетелден 40 әуе рейсі келді

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 18 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанға шетелден 40 әуе рейсі келді

2021 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына  Германия, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Египет, Швейцария, Латвия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 40 халықаралық әуе рейсі келді.    

Өткен тәулікте 5 319 авиажолаушы келді. Оның ішінде:    

- Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 888 жолаушы;     

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 641 жолаушы;    

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 95 жолаушы;    

- Ақтау  қаласының әуежайына - 4 рейс, 384 жолаушы;      

- Қостанай  қаласының әуежайына - 1 рейс, 195 жолаушы;      

- Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 116 жолаушы;      

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.